Мусиннің құны 500 миллион доллар болатын жобасы Сбербанкке бұйырмады

Қазақстан цифрлық даму министрілігі Сбермен жасалуы керек болған келісімді қайта қарамайтын болды. Бұл туралы министрлік БАҚ өкілдеріне берген ресми жауабында жазған.

Ақниет Аманжолқызы

  • 25.03.2022

Журналистер жолдаған хатқа жауап берген цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрлігі ресейлік Сбербанкпен жасалуы тиіс болған Қазақстанды цифрландыру туралы келісімге қол қою мәселесі ведомствода қаралмайтынын жазған.

2021 жылғы жоспар бойынша цифрландыру туралы жоспарға 2022 жылдың бірінші кварталында қол қойылуы керек болған. Алайда министрлік «әлемде болып жатқан жағдайға байланысты өз жоспарларын өзгертуге» мәжбүр болған. Цифрландыруға қатысты бірнеше жоспар қаралып жатқанын жазғанымен, ол қандай жоспарлар екендігін және осы салада қандай компания Қазақстан серіктесі болуы мүмкін екенін ашып жазбаған.

Айта кетейік, былтыр 3 қыркүйекте Қазақстан үкіметі ресейлік Сбермен электронды үкіметті және басқа да цифрлық саланы дамытуға қатысты келісімге қол қойған. Бұл меморандумды екі ел президенттері де жоғары бағалап, мақұлдаған. Алайда қазақстандық IT-мамандар бұл меморандумға қарсы пікір білдіріп, оның алдын ала талқылануы керек болғанын және таңдалған серіктеске көңілдері толмайтынын ашық айтқан. Олар Сбер қазақстандықтардың жеке деректерін қорғай алады дегенге күмән келтіріп, Ұлттық қауіпсіздікке қатер төнетіні туралы ескертіп, жобаны батыстық немесе қазақстандық компаниялардың біріне беруді ұсынған.

Осы талқылаулардан кейін цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин Сбердің Қазақстанға тек кодтарды ұсынатынын, деректер ел аумағында жиналып, оны ресейлік мамандар ала алмайтынын айтқан.

Жоспар бойынша платформаны құру 2022 жылдан басталуы керек еді. Жоба құны 500 миллион доллар болған.

24 ақпанда Ресей әскері Украина территориясына басып кіргеннен кейін әлемнің көптеген елдері ресейлік ірі компанияларға санкция сала бастады. Олардың қатарында Сбербанк те бар. Сбер қазір Қазақстанда жұмыс істеп тұрғанымен Еуропа елдеріндегі жұмысы толық тоқтап қалған.

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық суретші Лондондағы байқауда топ жарды

28.09.2023

Азия ойындары. Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль алды

27.09.2023

Алматыда Қазақстан-Қытай Халықаралық симпозиумы өтіп жатыр

26.09.2023

Euro 2024: Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді

10.09.2023

Ресейдің 300 миллирд доллары Украинаның дамуына жұмсалуы мүмкін

11.08.2023

Қазақстандық оқушылар олимпиадаларда үздік атанды

29.07.2023
MalimBlocks
Қазақстандық суретші Лондондағы байқауда топ жарды

«Кескіндеме» аталымы бойынша  30-дан астам елден 190 қылқалам шебері  қатысқан

Азия ойындары. Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль алды

Біздің спортшылар Азия ойындарының рекордын орнатты

Алматыда Қазақстан-Қытай Халықаралық симпозиумы өтіп жатыр

Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай және Ресей елінің сейсмолог ғалымдары қатысуда

Euro 2024: Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді

Алаңның екі қанатынан жиі шабуыл ұйымдастырды

Ресейдің 300 миллирд доллары Украинаның дамуына жұмсалуы мүмкін

Соғыс басталғалы тоғыз миллионға жуық азамат Украинадан шетелге кеткен.

Қазақстандық оқушылар олимпиадаларда үздік атанды