Назарбаев Ресей саясаткерлерінің Солтүстік Қазақстан туралы мәлімдемелеріне жауап берді

Malim Админ

  • 01.07.2021

Қазақстанның экс-президенті, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей саясаткерлерінің Солтүстік Қазақстанға қатысты даулы мәлімдемелеріне пікір білдірді.

"Бүгін кім не демейді? Саясаткерлер түрлі нәрсені айтады. Оның үстіне мұның бәрі шығыс Украина, Қырым контекстінде айтылып жатыр. Бердік, алдық, жерді сыйладық дегендей әңгімелер айтылды. Қайдағы жерді сыйлады? Біз Алтын орда мұрагерлері болсақ, Мәскеу князьдығы бізге алым-салық төлеген. Енді 800 жылдық тарихты еске түсіруіміз керек пе? Сондықтан  мұндай мәлімдемелерге назар аудармау керек. Қазір интернет, сөз бостандығы бар. Ең бастысы, Ресей ресми билігінің түсіндірмесі", - деді Назарбаев "Штрихи к портрету" деректі фильмінде берген сұхбатында.

Былтыр желтоқсанда Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының  білім және ғылым комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың "Қазақстан территориясы Ресей мен Совет одағының берген үлкен сыйлығы" деген мәлімдемесі Қазақстан қоғамында үлкен шу тудырды.  Артынша думаның тағы бір депутаты Евгений Федоров бұл пікірді қолдап, "Ресей Қазақстаннан территорияны қайтаруды талап етуі керек" деді.


Мамыр айында Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанға қарата даулы мәлімдемелер айтқан Ресей саясаткерлерін сынап, бұл Ресейдің ресми ұстанымы емес екенін айтқан. Ал осы аптада Қазақстанға сапармен келген Ресей Федерациясы кеңесінің басшысы Валентина Матиенко екі ел арасында қол қойылған 400-ден астам келісім мен құжатта бір-бірінің егемендігі, аумақтық тұтастығы, тәуеліздігі мен бір-бірінің ісіне араласпау анық жазылғанын жеткізді.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады