Назарбаевты қатты құрметтейтін Сұлтанов қызметінен кетті

Malim Админ

  • 22.06.2021

Астананың атауын «Нұрсұлтан» немесе «Назарбаев» деп өзгертуді армандаған Қуаныш Сұлтанов қызметінен кетті.

Маусымның 21-і күні Қуаныш Сұлтанов Ақпарат және қоғамдық даму қоғамдық кеңесі төрағалығынан кетті. Ол бұл қызметке 2019 жылдың мамыр айында тағайындалған. Оның орнына парламент мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбаев келді.

Қуаныш Сұлтанов 1945 жылы Панфилов ауданының Көктал ауылында дүниеге келген. Ол әр жылдары аудандық газеттен бастап, парламент сенатының депутатына дейінгі аралықтағы қызметтерде болған.

Қуаныш Сұлтанов ел есінде лауазымды қызметтерде болуымен ғана емес, Астанаға экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру бастамасын ұсынуымен де қалған. 2016 жылы Владислав Косарев, Азат Перуашев және дәл осы Қуаныш Сұлтанов бастаған бір топ депутат Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай арнайы деклорация әзірлеп, Астанаға Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруді ұсынған.

Сол уақытта Қуаныш Сұлтанов Астана атауын өзгерту бастамасын сынаушыларға ренжіп, елде саяси мәдениет жоқ екендігін айтқан.

«Саяси мәдениет болуы қажет. Бастаманы, ойды сынауға болады. Бірақ жеке басқа тіл тигізбеу керек. Келіспеуге болады, бірақ еш уақытта адамды білмей жатып сөз айтуға болмайды. Бұл бізде саяси мәдениет жоқ дегенді білдіреді», - деген Сұлтанов.

Байланысты жаналықтар

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

08.05.2025

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

05.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025
MalimBlocks
Таразда депутат соққыға жығылды

Қазақстан қай қаладағы әуежайды Вьетнамға беретіні белгілі болды

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты