Назарбаевтың өзін «тыңдамаған» Тамара министр болды

Тамара шаршамапты! Тоқаевтың көмекшісі қайтадан министр болып тағайындалды.

  • 11.04.2022

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін тағайындады. Бұл орын Серік Шәпкенов Атырау облысына әкім болып кеткелі бос тұрған. Ақордада шыққан бұйрыққа орай бүгіннен бастап: «Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын», – делінген.

Тамара Дүйсенова – көп жылдар бойы аталған министрлікте қызмет еткен. 2002-2008 жылдары вице-министрі, 2008-2002 жылдан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі; Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы; Денсаулық сақтау жәні әлеуметтік қорғау министрі; Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі, «Нұр Отан» партиясының хатшысы; Президенттің көмекшісі, т.б. қызметтер атқарған Дүйсенова экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтан кезінде медициналық сақтандыру бойынша «сөз» естіп, ол біраз әңгімеге арқау болған.

2018 жылы экс-президент Назарбаев: «Мен кем дегенде бес жыл уақыт бойы осы жайлы бірнеше рет айттым. Нақты тапсырмалар бердім. Алайда онымен ешкім айналысқан жоқ. Министр Дүйсеноваға бірнеше рет. Не болды, Тамара, әлде сен мына жұмыста шаршадың ба?» – деген болатын.

Бірақ, Дүйсенова басқа шенеуніктер сияқты бас шұлғи бермей, Назарбаевқа өздерінің көп жұмыс атқарғанын айтып, президентпен келіспейтінін байқатқан.

«Нұрсұлтан Әбішұлы, біз көп жұмыс атқардық. Бүгінде сіздің тапсырмаңызбен барлық 18 миллион адамның статусын анықтадық. 2,7 миллион өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 1,5 миллионы қалды. Оларға қатысты мәліметтер өңірлердің әкімдеріне берілді».

Осыдан кейін ол елдің көзіне көп түспейтін болды. Министр қызметінен босатылып, «Нұр Отанға» хатшысы, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының жетекшісі болды, жаңа президент Тоқаевтың кезінде, 2020 жылдан бастап президент әкімшілігіне кеткен.

Назарбаев «шаршадың» деп, жұмыстан босатқан Дүйсенова Жаңа Қазақстан дәуірінде тың күшпен іске кірісетін сияқты. Назарбаевтың тапсырмаларымен айналыспай қойған Тамара ханым Тоқаевтың бастамаларын бұлжытпай орындай қояр ма екен?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі коронавирус пандемиясы басталған тұста елдің аузына көп ілінгенін ескерсек, бұл министрліктен жақсы атпен кету оңай болмасы анық.

Байланысты жаналықтар

Ердоғанның билікте қалуы Орта Азияға қалай әсер етеді?

29.05.2023

Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің ағасын полицейлер алып кетпек болған

25.05.2023

Тимур Данебаев, обвинявший Токаева, оказался на скамье подсудимых

24.05.2023

Қырғызстанда Күдебаевқа көмектескен 4 адам қамауға алынды

22.05.2023

Қазақстанның жері Қытайға сатылып жатыр ма? Министрлік жауабы. 

21.05.2023

Шәкәрім университетінің директорлар кеңесінде Саясат Нұрбектің өз адамдары отыр ма?!   

19.05.2023
MalimBlocks
Ердоғанның билікте қалуы Орта Азияға қалай әсер етеді?

Қазірдің өзінде ұлттық валюталары рекордтық деңгейде құлдырап кеткен

Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің ағасын полицейлер алып кетпек болған

Айдос Мелдехан бұл әрекетті өзіне жасалған қысым деп есептейді. Себебі ол қызының өлімін халықаралық дәрежеде тергеуді талап етіп келеді.

Тимур Данебаев, обвинявший Токаева, оказался на скамье подсудимых

Алматинский районный суд № 2 города Астаны рассматривает уголовное дело 38-летнего жителя столицы Тимура Данебаева, обвиняемого в разжигании межнациональной розни.

Қырғызстанда Күдебаевқа көмектескен 4 адам қамауға алынды

Наурыз айында таулы шекара арқылы Қырғызстанға із суытқан Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты Бішкекте тергеу басталды. 

Қазақстанның жері Қытайға сатылып жатыр ма? Министрлік жауабы. 

Ол сайтта арзан бағамен ашық саудаға салынып жатыр

Шәкәрім университетінің директорлар кеңесінде Саясат Нұрбектің өз адамдары отыр ма?!   

Саясат Нұрбекке тікелей қатысы бар үш адам отыруы заңға қаншалықты сай?