Олжас Бектенов Екібастұз ЖЭО-на барды

Malim Админ

  • 06.03.2024

Премьер-Министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғырту жұмыстарының барысымен және тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету шараларымен танысты.

Екібастұз ЖЭО-да өңір әкімі Асайын Байханов Үкімет басшысына жылумен қамту жүйесін қалпына келтіру аясында барлық 10 қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.

Станция көрсетілген параметрлерге сәйкес қалыпты қуатында жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар 4 жылу магистралі мен орамішілік желілер де күрделі жөндеуден өтті.  Қазіргі таңда Екібастұздың жылумен жабдықтау жүйесіне техникалық аудит жүргізілуде.  4 кезеңнің 3 кезеңі аяқталды, жыл соңына дейін барлық магистральды желіні цифрландыру аяқталады.

Премьер-Министр Екібастұздың жылумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру процесін жалғастыру қажет екенін атап өтті. Үкімет тарапынан толықтай қолдау көрсетіледі.

«Біз Екібастұздың 2022 жылдың қысында қандай қиыншылықты бастан өткергенін білеміз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет резервінен жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және Жылу электр орталығын жаңғыртуға 16,4 млрд теңге бөлінді. Меншік иелерімен бірлесіп, жылу орталығының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Барлық қазандық жөндеуден өтті. Қаланың жылу желілерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Жұмыс қарқынын арттырып, жылу желілері мен жылу көздері жабдықтарының тозуын азайту қажет, — деді Олжас Бектенов.

Фото: primeminister.kz

Байланысты жаналықтар

Екібастұзда Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының зираты табылды

18.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

09.05.2025

Бектенов полипропилен өндірісінің неге тоқтағанын анықтауды тапсырды

05.05.2025
MalimBlocks
Екібастұзда Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының зираты табылды

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Бектенов ұшқыш Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Бектенов полипропилен өндірісінің неге тоқтағанын анықтауды тапсырды

Түпкілікті шешім қабылдаңыздар, — деді Үкімет басшысы