Полиция Мамайдың сағын сындыра алмапты

  • 15.12.2021

Партия құрғысы келіп, билікпен алысып жүрген Жанболат Мамай  қылмыстық тергеуге тартылғанын, сондықтан бүгін қамалуы мүмкін екенін кеше кешкісін жазған еді.

«Соңғы күндері 10-шақты көліктің артымнан ілесіп жүргеніне, үйімді толық қоршауға алғанына қарағанда, ертең алаңға шығармас үшін қамауға алуы да мүмкін деп күдіктенемін.

«Жанболат Мамай неге қамалмайды?» деген кейбір азаматтар: соңғы күндері бұл менің үстімнен қозғалған екінші қылмыстық іс. Біріншісі жеңілдеу баппен қозғалса, қазіргі айыппен 3 жылға дейін қамалуым не бостандығым шектелуі мүмкін.

Демократиялық партияға, жеке маған қысым осылайша күшейді. Билік барын салып, біздің аузымызды жауып, түрмеге қамау туралы шешім қабылдағанға ұқсайды» деген болатын кешегі хабарламасында.

Бүгін шақырған жеріне барған саясаткер сағын сындырмай қайтыпты.

«Барша қолдаған ағайынға рақмет! Алматы полиция департаментінен шықтым. 5 сағатқа жуық тергеуде болдым. Қылмыстық іс қозғап, сағымды сындырып, қорқытпақ билік. Бірақ одан түк шықпайды! Несиелік амнистия барша халыққа жариялану керек деп санаймыз! Ертең, 16 желтоқсанда сағат 12-00 Алматыдағы Желтоқсан ескерткішіне шығамыз! Бәріміз сонда болайық!» деп жазды әлеуметтік парақшасына.

 

 

Байланысты жаналықтар

М. Әбжан 9 жылға сотталды, Ж. Мамай 10 жылға сотталады...

03.02.2023

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

30.01.2023

Тоқаевты қолдайтын Азамат Әміртайдың партиясы тіркелді

30.11.2022

Мамайдың айыбы жеңілдеді

27.10.2022

Жанболат Мамай он жылға сотталуы мүмкін

08.06.2022

"Досаев келмейінше кетпейміз". Белсенділер алаңда түнеуге бел буып отыр

13.02.2022
MalimBlocks
М. Әбжан 9 жылға сотталды, Ж. Мамай 10 жылға сотталады...

Саяси реформаларға шақыру, әрине, қылмыс емес. Бірақ 10 жылға бас бостандығынан айыру – қылмыс

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

Сонымен сайлауға үміткерді тіркеу басталып кетті! Ал мен күткен қандастар үнсіз («Республика» партиясының жетекшісінің бірі Сырымбет Тауды есепке алмаймын).

Тоқаевты қолдайтын Азамат Әміртайдың партиясы тіркелді

Қазақстанға  + 1 саяси партия. Атауы - «Байтақ». Ұраны  -- экология. Жалауы жасыл. Бұл өзі Қазақстанда оншақты жылдан бері дүниеге зорға келген партия. Көсемі Азамат Әміртай.

Мамайдың айыбы жеңілдеді

"Демпартияны" тіркей алмай жүрген Жанболат Мамай ақпан айынан бері қамауда жатыр.

Жанболат Мамай он жылға сотталуы мүмкін

"Досаев келмейінше кетпейміз". Белсенділер алаңда түнеуге бел буып отыр

Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтарды еске алып алаңға шыққандар қала әкімі Ерболат Досаев ел алдына шықпайынша, алаңнан кетпейтіндерін айтып жатыр.