Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі ауысты

Malim Админ

  • 08.04.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына Ғабит Қойшыбаев тағайындалды.

Бұған дейін Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып Жалғас Әділбаев атқарып келген болатын.

Ғабит Бейбітұлы – 1972 жылғы 12 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін (1994 ж.), ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын (1999 ж.) тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы ҚР СІМ Орталық аппаратында бастап, сол жылы Қазақстанның Үрімжі қаласындағы (ҚХР) Паспорттық-визалық қызметіне іссапарға жолданды. 1999-2007 жылдар аралығында Қазақстанның Үрімжі қаласындағы (ҚХР) Паспорттық-визалық қызметінде, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде түрлі дипломатиялық лауазымдарда жұмыста болды. 2007-2009 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка елдері департаментінде бірқатар жауапты лауазымдарда қызмет атқарды. 2009-2011 жылдары Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып, 2011-2014 жылдары Қазақстанның Шанхай қаласындағы (ҚХР) Бас консулы лауазымында қызмет атқарды. 2014-2016 жылдары ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары, Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары қызметтерінде болды. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып келді. 2019 жылы Ғалымжан Қойшыбаев  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы қызметін одан кейін Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған. ІІ санаттағы Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. Қытай және ағылшын тілдерін меңгерген.

Ал Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына Шахрат Нұрышев тағайындалды.

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты