ҚазҰУ-дың жеріне қымбат аудан салынбақ болыпты  

Алматы әкімдігі қаулы қабылдаған

Malim Админ

  • 24.06.2022

Алматыдағы Қазақ Ұлттық университетінің заңсыз алынған жеріне ең қымбат аудан салынатын болған. Қаланың Жер ресурстарын басқару басқармасы әл-Фараби даңғылы бойындағы ҚазҰУ-дың жерін жекеменшік игеруге берген қала әкімдігі шешімдерін заңсыз деп таныды.  

Tengrinews порталының мәліметінше, заңгер Бақытжан Базарбек Facebook желісінде Алматы әкімдігі әрекетінің заңсыздығы туралы өз уәждерін жазып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты басқармаға арыз жолдаған. Осыдан соң Базарбектің өтініші негізінде департамент әкімдікке қатысты тексеру жүргізген.

Ведомство мәліметінше, 2017 жылғы 1 тамызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы әкімдігіне әл-Фараби даңғылы, 71 жер учаскесі шекарасын өзгерту туралы өтінішпен жүгінген. Жалпы алғанда, ҚазҰУ өз аумағын бір гектарға - 73,2-ден 72,1 гектарға дейін қысқартуды жоспарлаған.

Алматының жер комиссиясы екі күн ішінде оң қорытынды шығарған және 5 тамызда жер "паркинг салу үшін Omirex ЖШС уақытша өтеулі қысқа мерзімге жерді пайдалану құқығымен" кетті. Жер әл-Фараби даңғылы, 69/5 және 69/7 бойынша екі дербес учаскеге бөлінді. Департаментте 2018 жылы компанияның жарғылық капиталы "Аркада Impex" ЖШС-не кеткенін, содан кейін ол Atlas Development ЖСШ деп өзгергенін түсіндірген.

Жоба ҚазҰУ территориясы аумағын азайту бойынша бекітілгеннен кейін Алматы әкімдігі, департамент деректері бойынша, 2017 жылғы 2 қазанда "Жер учаскесіне ортақ үлестік тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы" қаулы қабылданған. Осылайша жерді ҚазҰУ-ға пайдалануға берді, ал 2017 жылғы 28 қазанда 2017 жылғы 2 қазандағы қаулының қолданылуы тоқтатыла отырып, жер "10 жыл мерзімге уақытша өтеулі ұзақ мерзімді ортақ үлестік пайдалануға" беріледі.

"Алматы қаласы бойынша жер телімдерін беру жөніндегі комиссия отырысының 2017 жылғы 3 тамыздағы хаттамасы және Алматы қаласы әкімінің 2017 жылғы 2 қазандағы қаулысының 14,15,20 және "Мемлекеттік мүлік туралы" заңының 135-баптарын бұза отырып, білім беру саласындағы және мемлекеттік мүлік саласындағы уәкілетті органдардың жазбаша келісімінсіз қабылданған және бекітілген, бұл жер-кадастрлық іс материалдарымен және ҚР Білім және ғылым министрлігінің жазбаша жауабымен расталады", - делінген департаменттің жазбаша жауабында.

Ведомство мәліметінше, мемлекеттік жер пайдаланушыларға тиесілі жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға, сондай-ақ кепілге беруге тыйым салынады. Білім және ғылым министрлігінің келісімінсіз мұндай шешім қабылдау мүмкін емес.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады