Қоғамдық бірлестіктер – мемлекеттің қозғаушы күші

Жастар ұйымдарының саны да жыл өткен сайын көбейіп келеді

Malim Админ

  • 19.07.2022

Еліміздегі жастар саясатын жүргізуде қоғамдық бірлестіктердің рөлі зор.  Бұл құрылымдар жастар арасында идеологияның оң бағытта негіз алуына әсер етеді.  Жастар ұйымдарының саны да жыл өткен сайын көбейіп келеді.  Сәйкесінше жастар саясатын қаржыландыру мөлшері де  он есеге дейін өскен. 

Қазақстанда  «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы Заң жобасы 2015 жылы қабылданды. Маңызды құжатта жастар саясатының негізгі деген үш мақсаты  қамтылды. Атап өтсек, жастардың заңды мүдделері мен  құқықтарын қорғау, жастарды қоғамдық- саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірге  жақындату, қазақстандық патриотизмді нығайтып,  азаматтыққа  ұстанымды адал қорғауға  тәрбиелеу. Мемлекеттік жастар саясатының басты  бағыттары айқын.  Айталық,  сапалы және қолжетімді білім беру ісін  қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті өрістету, денсаулық сақтау саласын нығайту, салауатты өмір салтын ұстану, жастар арасында кәсіпкерлікті жолға қою міндеттері  қамтылады. Бұл мақсат-жоспарларды  жүзеге  асыруда жастар ұйымдарының тигізіп отырған көмегі зор. Себебі, жастар саясатында алдыңғы орында  тұратын, жаңа буын тарапынан көтерілген мәселелердің анық-қанығын  білетін де тікелей солар. Еліміздегі қоғамдық бірлестіктердің құқықтық ахуалын «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан республикасының заңы қамтамасыз ететіні белгілі. Соның аясында ел аумағында республикалық, аймақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер құрылып, жұмыс істеп жатыр.   Сондай құрылу тарихы тереңде жатқан ұйымның бірі «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі.   Оның негізгі міндеті – қазақ тілінің ел аумағы және одан тыс жерлерде кең ауқымда қолданылуына сеп болу. Осыған байланысты мемлекеттік, қоғамдық өзге де  ұйымдар мен ұлттық мәдени орталықтарға және азаматтарға жәрдемдесу, кеңес беру. Аталған қоғам жастардың ана тіліне деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру сынды бірқатар мақсат-міндеттерді орындауға ықпал етеді.   

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті, дамыған қоғам құру жолында қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жұмысын жандандыруды қолға алуды тапсырғаны мәлім.  Мемлекет басшысының қоғамдық бірлестіктерге деген оң көзқарасын мына бір мысалдардан анық көруге болады.   Биыл Қ.Тоқаев  министр, елші, облыс әкімдері секілді мәртебелі тұлғалармен қатар «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұханбетовті де қабылдады.   Президент «Ардагерлер ұйымы» бірлестігінің жүзеге асырып жатқан жұмыстары мен алдағы уақытта атқарылатын жоба-жоспарларымен де жіті танысты.    Айта кетейік, бұл бірлестік еліміздегі маңызды саяси бетбұрыс – референдум өткізу ісінде белсенділік танытып, азаматтарға Ата заңға енгізілетін  өзгерістердің себебін, мән-мағынасын кең ауқымда түсіндірді.  Сонымен қатар, халықтың референдумға жаппай қатысу мәселесін де пысықтап отырды.    

Тағы бір айрықша саяси оқиға – ұлт ұясы Ұлытауда  Ұлттық құрылтай өтті.   Құрылтайдың төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі болса, Төрағаның орынбасарлығына Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай бекітілді.  Ұлттың рухани түлеуі жолында атқарылар тағдыршешті оқиғалар құрылтай аясында тиянақ таппақ. Осындай сипаттағы ірі бастамалардың бел ортасында қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінің жүруі аталмыш ұйымдарға мемлекет тарапынан айрықша көңіл аударыла бастағанының бір белгісі.

Қазір жер-жерде қоғамдық бірлестіктердің сапасы мен саны әлдеқайда арта түскен. Олар өз аймағындағы әлеуметтік ахуалды сараптамадан өткізіп, тіиісті шешім қабылдаумен айналысады.  Мәселен, Шымкент қаласындағы  «Нұр әлем» қоғамдық бірлестігінің облыстағы  қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдерімен, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасымен, Жастар орталықтарымен қоян-қолтық жұмыс істеп келеді. Атап айтқанда, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси үрдістерді зерттеу, заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу, ұйымдастыру, жастар мәселелеріне қатысты бағдарламалар, жобалар жасаумен айналысады.  Әсіресе  ішкі саясаттың басым бағыттары бойынша әлеуметтік зерттеулер кешенін ұйымдастыру, жастардың еліміздегі түрлі жағдайларға байланысты көзқарастары мен пікірлерін анықтауға, жастарды салауатты өмір салтына баулуға бағытталған жобаларды қолға алып жүр.  Ал сол жұмыстардың нәтижесі  негізінде проблемалардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірленіп, тиісті мекемелерге жолданады. Яғни, осындай қоғамдық бірлестіктер бірқатар мәселелердің оңынан шешілуіне  себепкер болып келеді.  

 

Қазақстан егемендігінің отыз жылы ішінде елдің  рухани өмірінде жаңа мәдени үрдістер кең  қанат жайды. Білім беру, мәдениет пен ғылымға даңғыл  жол ашылды. Осы іргелі салалар  бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси қасаң қағидалардың ықпалынан  құтылды.

Жаңа Қазақстанның жастар саясатына жаңа леп керек, қоғамдық ұйымдар да жаңаша түлейтін кез келді. Осы орайда, 2023 жылы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» қолданыста жүрген заңнамаға түзетулер енгізіледі. Президент тапсырмасы аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осындай өзгерісті жүзеге асырғалы отыр.  Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымы, Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сынды  халықаралық ұйымдарға мүше.  Халықаралық бастамалардың қатысушысы ретінде адам құқықтары бойынша өзіне бірқатар міндеттемелер алған. Министр Асқар Омаровтың айтуынша,  бұл тұрғыда азаматтық қоғам институттарының дамуына және азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндігіне қосымша қарқын беру үшін құқықтық құралдар қажет. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізудің бір себебі осында.    


Жастар ұйымдары дүние жүзілік тәжірибеде жастар саясатын дамытушы  маңызды субъектінің функциясын атқарады. Сол себепті де оларды құқықтық жағынан қолдап, бөле жармай тең қарастырып, ой-пікірімен санасудың маңызы бөлек. Бірлестіктердің жұмысы көлеңкеде қалып қоймай, жандана түссе елдің жалынды жастары ынта-жігермен алға ұмтылары сөзсіз.   

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне көңіл айтты

18.12.2024

«Манчестер Сити» – бірінші, «Астана» – 135-орында. УЕФА клубтар рейтингін жариялады

14.12.2024

ӘЧ: Қазақстан құрамасының іріктеудегі қарсыластары анықталды

13.12.2024

Қазақстанның су дипломатиясы: көршілермен ынтымақтастық және халықаралық бастамалар

13.12.2024

Азия чемпионатының ақтық сынында 9 боксшы алтынға таласады

11.12.2024

Жыл қорытындысы: 6 млн ішкі туристен 224 млрд теңге кіріс келген

09.12.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне көңіл айтты

«Манчестер Сити» – бірінші, «Астана» – 135-орында. УЕФА клубтар рейтингін жариялады

Рейтингте қазақстандық бірнеше команда бар

ӘЧ: Қазақстан құрамасының іріктеудегі қарсыластары анықталды

Қазақстанның су дипломатиясы: көршілермен ынтымақтастық және халықаралық бастамалар

Азия чемпионатының ақтық сынында 9 боксшы алтынға таласады

Қазақстандық 7 боксшы Өзбекстан өкілімен жұдырықтасады

Жыл қорытындысы: 6 млн ішкі туристен 224 млрд теңге кіріс келген