Қорғаныс саласында бірқатар тағайындаулар болды

Бақыт БЕКОВ

  • 15.04.2022

Мемлекет басшысының өкімімен бірқатар тағайындау болды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімімен: Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына және Лұт Сапуұлы Әлшекенов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Дархан Ахмедиев Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің түлегі, "Болашақ" стипендиясының иегері (King's London college).

Еңбек жолын 2012 жылы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ талдаушысы ретінде бастаған. 2013-2015 жылдары ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде және ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде сарапшы болып жұмыс істеген. Кейіннен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас сарапшысы лауазымына қабылданды.

2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқарма басшысы болып жұмыс істеген.

2019 жылы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті директорының орынбасары болды.

2020 жылы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ІТ даму департаментінің директоры болып тағайындалған.

Әрі қарай, ведомствоның ішкі қайта ұйымдастыру нәтижесінде 2020 жылғы 20 қарашадан бастап ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаментінің директоры қызметін атқарған.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025

Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз - Тоқаев

07.05.2025

Президент Пәкістан ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын қабылдады

23.04.2025

АҚШ Шығыс Еуропадағы 6000 сарбазын ауыстырады

21.04.2025

Тоқаев Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады

19.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз - Тоқаев

Президент Пәкістан ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын қабылдады

АҚШ Шығыс Еуропадағы 6000 сарбазын ауыстырады

Тоқаев Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады