457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Құлыбаев мұнай компаниясындағы үлесін мемлекетке қайтаратын болды

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев мұнай компаниясындағы үлесін мемлекетке қайтаратын болды. Бұл туралы «Reuters» ақпарат агенттігі хабарлады.

Агенттік таратқан ақпаратта Тимур Құлыбаевтың Petrosun ЖШС мұнай компаниясындағы 49% үлесін мемлекет иелігіне қайтаратыны айтылған.

Petrosun ЖШС-ның 51% акциясы Қытайдың SNPS компаниясына тиесілі. Қазіргі уақытта Қазақстанның жанар-жағармай көтерме сауда нарығының тең жартысы осы компания үлесінде.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды өз иелігіндегі «Қазақтелеком» компаниясының 29% пайыз акциясын мемлекетке қайтарған еді. Ол наурыз айында «Қазақтелеком» қаржысын жымқырды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды» деген айыппен қамауға алынған.