Ресей депутаты: Қазақстан үшін күрес жүріп жатыр

Malim Админ

  • 14.04.2021

Ресей депутаты тағы да Қазақстанға қатысты мәлімдеме жасады.

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Елена Панина «Sputnik» радиосының эфирінде Қазақстанға қатысты мәлімдеме жасады. Онда ол АҚШ Ресейді қоршауға алып, көршілес мемлекеттерді Мәскеумен жауластыру жоспарын жүзеге асырып жатқанын айтты.

«Байденнің доктринасын жүзеге асыру жалғасуда. Онда Ресей - нөмірі бірінші жау. Ал Қытай - нөмірі бірінші бәсекелес. Біздің еліміздің маңайында болып жатқан дүниелердің барлығы осы доктринаның аясында болып жатыр. Оның мақсаты – Ресейді достық пейілдегі емес елдермен қоршау. Біз оны Анаконданың шеңбері деп атаймыз», - деді Панина.

Елена Панинаның сөзінше, қазір Ақ үйдің күн тәртібінде бірінші кезекте Беларусь тұр. Ал Қазақстан үшін күрес жүріп жатыр.

«Менің ойымша, қазір АҚШ-тың күн тәртібінде бірінші кезекте Беларусь тұр. Олар түрлі-түсті революция жасап, билікке Украинадағыдай қуыршақ үкіметті әкелмек... Сосын, әрине Қазақстан. Қазір Қазақстан үшін талас жүріп жатыр», - деді депутат.

Бұған дейін ресейлік сенатор Алексей Пушков "АҚШ Ресейден Қазақстанды тартып алмақ" деп мәлімдеген. Ол да алдағы уақытта Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Армения АҚШ-тың бақылауында болатынын айтқан.

Соңғы уақыттары Ресей депутаттары Қазақстанға қаратысты мәлімдемелер жасауын жиілеткен. Осыдан бірнеше күн бұрын Дума депутаты Владимир Жириновский Павлодардағы 30 көшенің атын қазақшалауға қарсы шығып, «Қазақстан, 300 жыл бұрын қайда болдыңдар?» деген.

Ресей депутаттарының Қазақстанға қатысты арандатушы сарындағы мәлімдеме жасауы бұл ғана емес. Былтыр желтоқсанда мемлекеттік думаның  білім және ғылым комитетінің төрағасы Вячеслав Никонов Ресейдің федералды бірінші арнасында “Қазақстан территориясы – Ресей мен Совет одағының берген үлкен сыйлығы”  деп мәлімдеді.  Бұл мәлімдемеден кейін  еліміздің сыртқы істер министрлігі Ресейдің уақытша сенімді өкіліне нота табыстады.

Артынша  думаның тағы бір депутаты Евгений Федоров бұл пікірді қолдап, “Ресей Қазақстаннан территорияны қайтаруды талап етуі керек” деді.  Бұл мәлімдемеге 9 күннен кейін реакция білдірген Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Дума депутаты Евгений Федоровтың даулы мәлімдемелерін “қысыр сиырдың сандырағы” деп атаған.

 

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Армениядан қауіпті қылмыскер экстрадицияланды

16.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Армениядан қауіпті қылмыскер экстрадицияланды