Сағынтаев мерекелік шараларды атап өтуге 135 млн бөледі

Malim Админ

  • 10.03.2020

Бүгін астанада Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Әлихан СМАИЛОВ республикалық бюджет шығындары азаяды деп мәлімдеді. Енді министрлік пен әкімдіктер қымбат жиһаз, автокөлік, түрлі семинар мен форумдарды азайтады.

Мұнай бағасы арзандап, АҚШ доллары өсіп кеткенде үкіметтің үнемдеу туралы айтқан әңгімесі ғой.

Алайда, мейрамы көп Қазақстан дейтін мемлекет үшін мерекелерді азайту, оны атап өтуде шығындарды қысқарту жағы қолға алынбай тұр. informburo.kz сайтының мәліметінше Алматы әкімдігі 2020 жылы өтетін қаладағы мерекелік шараларға 135,7 млн теңге бөлмек. Оның өзінде бұл қаражат тек техникалық жабдықтарға кетеді. Сахнаны жарықтандыру, микрафон және LED экранға. Ал сахналарды безендіруге 91,3 млн теңге қарастырылып отыр екен. Әкімдік Наурыз, 1 мамыр (Қазақстан халқының бірлігі күні), 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр (Жеңіс күні), Балаларды қорғау күні, Мемлекеттік рәміздер күні, Астана күні, Конституция күні, Отбасылар күні, Қала күні, Тұңғыш президент күні, Тәуелсізідк күні және Жаңа жыл мейрамына сахна безендіретін компания іздеп жатыр.

Ал биылғы Наурыз мейрамы, Жеңіс күні және Жаңа жылдық отшашуға 67,2 млн теңге жұмсалмақ екен.

Фото ғаламтордан алынды.

Байланысты жаналықтар

Ақордада балаларға экскурсия ұйымдастырылды

01.06.2024

Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

01.06.2024

Полиция кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің қайтыс болғанын растады

16.03.2024

Сағынтаевтың күйеубаласының сағаты 197 млн теңге сатылды

19.07.2023

Алматы бюджеттің 124 млн теңгесіне форум өткізбек

28.09.2021

Тасмағамбетов сүрген «Саяхатты» Сағынтаев қайта сала ма?

20.05.2021
MalimBlocks
Ақордада балаларға экскурсия ұйымдастырылды

Экскурсияны Олимпиада жеңімпаздары мен су басқан аймақтың балалары тамашалады

Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Полиция кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің қайтыс болғанын растады

«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сағынтаевтың күйеубаласының сағаты 197 млн теңге сатылды

Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласының тәркіленген сағаты аукционда 197 миллион теңгеге сатылды.

Алматы бюджеттің 124 млн теңгесіне форум өткізбек

Тасмағамбетов сүрген «Саяхатты» Сағынтаев қайта сала ма?