Саяси дағдарыс: Президент премьердің бұйырығына қол қоюдан бас тартты

Malim Админ

  • 03.03.2021

Наурыздың 2-і күні Армения президенті Армен Саркисян премьер-министр Никол Пашинянның «бас штаб басшысы Оник Гаспарянды қызметінен босату жөніндегі» бұйырығына қол қоюдан бас тартты.

25 ақпанда бас штаб басшысы Оник Гаспарян бастаған бірқатар әскери шенділер Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап еткен. Пашинян бұны «әскери төңкеріс жасауға талпыныс» деп бағалап, Гаспарянды қызметінен босатқан.

Президент Саркисян әлі күнге дейін конституциялық кеңеске Гаспарянды отставкаға кетіру қаншалықты заңды болады деп сұрау жасамаған. Заң бойынша егер мемлекет басшысы наурыздың 4-іне дейін бұйырыққа қол қоймаса, онда ол автоматты түрде күшіне енеді.

Арменияда премьер-министр Никол Пашинян мен оппозиция арасындағы текетірес күн өткен сайын ушығуда. Қос тарап та ел астанасы Ереванда митинг өткізіп, жақтастарын алаңға жинауда.

Оқи отырыңыздар: Әскери төңкеріс қауіпі: Ақиқат пен аңыз

2020 жылдың күзінде даулы Таулы Қарабақтағы қақтығыстан кейін Шуша мен Гадруттан айырылған Армения Әзірбайжанмен келісімге келуге мәжбүр болған. Осыдан кейін елде Пашинянның отставкаға кетуін талап етушілер саны көбейген.

Байланысты жаналықтар

Тәжікстан мен Армения ҰҚШҰ-дан көмек сұраса Қазақстан әскер жібере ме?

20.05.2022

Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге барды

16.05.2022

Армения-Әзербайжан шекарасында тағы қақтығыс болды

14.07.2021

Ресей депутаты: Қазақстан үшін күрес жүріп жатыр

14.04.2021

Өзбек-Әзірбайжан ынтымақтастығы: Ташкент Таулы Қарабаққа сый жасамақ

12.04.2021

Әскери төңкеріс қауіпі: Ақиқат пен аңыз

02.03.2021
MalimBlocks
Тәжікстан мен Армения ҰҚШҰ-дан көмек сұраса Қазақстан әскер жібере ме?

Тәжікстан Ішкі істер министрлігі  терроризммен күрес операциясын жүргізуде

Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге барды

Армения-Әзербайжан шекарасында тағы қақтығыс болды

Ресей депутаты: Қазақстан үшін күрес жүріп жатыр

Өзбек-Әзірбайжан ынтымақтастығы: Ташкент Таулы Қарабаққа сый жасамақ

Әскери төңкеріс қауіпі: Ақиқат пен аңыз