Сот дауы: Сейсембай жеңдім десе, Тайжан кешірдім дейді

Елнұр Бақытқызы

  • 24.08.2021

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан мен кәсіпкер Марғұлан Сейсембай арасындағы дау бірнеше сот инстанциясында қаралып, ақыры іске нүкте қойылды. Мұхтар Тайжан Марғұлан Сейсембай "үш сот инстанциясының шешімін орындап, екі инстанциядағы соттың шешімін түсіндіру жөніндегі арызы қанағаттандырылмаған соң, сот орындаушысының қысымынан кейін" Facebook және Instagram желісіндегі парақшада өзінен жария түрде кешірім сұрағанын айта келе, оны кешіргенін жазыпты. Ал Марғұлан Сейсембай "Тайжан түсірген шағымның 10 тармағының 9-ы бойынша мен жеңіп шықтым" дейді.

"Сейсембайды кешірген" Тайжан

Мұхтар Тайжан Марғұлан Сейсембайдың сот шешімін орындап өзінен кешірім сұрағанын жазған жазбасында былай дейді (жазбаны айна-қатесіз беріп отырмыз): Экс-миллиардер, Форбс Қазақстан тізімінің мүшесі, Кайдзен оқытушы, коуч Марғұлан Сейсембаев үш инстанциядағы сот шешімін орындап, екі инстанциядағы соттың шешімін түсіндіру жөніндегі арызы қанағаттандырылмаған соң, сот орындаушысының қысымынан кейін, бүгін менен өзінің Фейсбук және Инстаграм парақшаларындағы менің отбасылық шаруаларыма араласып, маған жала жапқаны үшін жария түрде кешірім сұрап, таққан айыптарын терістеді:

мен әрине өз туған шешемді де, туған апамды да ешқашан сотқа бермедім. 

Иә, мен бұған дейін жазғанымдай, 2008-2009 жылдары маған қарсы эмоцианалды талап арыздар болды. Бірақ олар нәтижесіз аяқталды. Осы жылдар ішінде ол туралы біз өзіміз ұмытып кеттік. Осынша жылдан кейін ешкім ешкімге өкпе артпайды. Бірақ, Марғұланға неге біреудің отбасылық шаруасын қайта көтеру керек болды - ол жағы түсініксіз.

".....Сот шешімін орындай отырып, мен Мұхтар Тайжаннан өз постымда қателесіп "ол шешесі мен туған апасын соттатты" деген сөздерім үшін жария түрде кешірім сұраймын. Өзімнің "өз шешесі мен туған апасын соттатты" деген сөздерін терістеймін".

Қыңыр-қисық кешіріміңе қарамастан Марғұлан, мен сені дәл осы сөздерің үшін кешіремін.

Енді ешкімнің отбасылық шаруаларына араласпа.

Бөтен отбасы - құпиясы көп орта. Сұрағың бар ма оны оппоненттің өзіне қой, оның отбасы шаруаларын талқылама, ол - басқа айналысатын шаруасы жоқ кемпірлердің ісі".

Сейсембайдың уәжі

Ал кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Тайжан оның үстінен 10 тармақ бойынша шағым түсірсе, оның 9 тармағы бойынша  өзінің жеңіп шыққанын келтіреді.

"Мен тек бір тармақ бойынша жеңілдім, ол жерде "засудил свою родную мать и сестру" деген сөздердің жала екендігі айтылған. Сот посттың орыс тіліндегі нұсқасына қатысты шешімді оның пайдасына шешті. Қазақ тіліндегі нұсқасына қатысты ол дауласа алмады (ол жерде "соттасқан” деп дұрыс жазылған).

Сотта ол өз анасымен екі рет соттасқаны анықталды. Бірінші рет анасының «Өзінің күтіміне ай сайын 50 АЕК көлімінде алимент өндіріп алу бойынша» талабына қатысты, екіншісі жылжымайтын мүлікке қатысты дау.

Менің «засудил» родную мать и сестру» деген сөзім Тайжанның ар-намысына тиіп, нұқсан келтіріпті. Оның ойынша, ол анасын «сотқа бермеген» («засудил»), қайта анасы оған қарсы сотқа арызданған. Ал ол өз анасымен соттасқаны үшін еш шімірікпейді. Мен әрине бұл жайтты көтергенім үшін қынжыламын. Егер ол қатардағы қарапайым адам болса, бұл мәселені ешқашан көтермес едім. Алайда ол халық алдында саясаткер, әрі адамгершілі мол адам ретінде көрінуге үміт етіп жүр, сондықтан мұны айтпай кету дұрыс емес болар еді.

Ал енді сот шешімін орындай отырып, мен өз постымда «он засудил» свою мать и родную сестру» деп қате жазғаным үшін көпшілік алдында Мұхтар Тайжаннан кешірім сұраймын. Анасы мен туған бауырын сотқа берді («засудил свою родную мать и сестру») деген сөзімді теріске шығарамын. «Мұхтар Тайжан анасымен екі рет соттасып, сотта оны екі рет жеңді» («Мухтар Тайжан дважды судился со своей матерью и дважды выиграл ее в суде») деп жазғаным дұрыс болады екен".

Дау неден шықты?

Тайжан мен Сейсембай арасындағы дау 2020 жылдың 15 сәуірінде Марғұлан Сейсембайдың әлеуметтік желідегі жазбасынан басталды. Бұл жазбада Марғұлан Сейсембай 2016-2017 жылдары  Мұхтар Тайжанға 237 мың доллар бергенін жазған. Сейсембай бұл ақшаны Тайжан жерге қатысты мәселемен айналысу үшін көмек ретінде бергенін келтірген. Басқа да жайттар қамтылған осы жазбадан кейін Мұхтар Тайжан Марғұлан Сейсембайдың үстінен "ар-намыс пен іскерлік беделге нұқсан келтірді" деп сотқа шағым түсіріп, жазбадағы мәліметтерді теріске шығарып, жария түрде кешірім сұрап, 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуді талап еткен. Сотта Тайжан Сейсембайдан ақша алғанын жоққа шығармады, бірақ оны консалтингтік қызмет деп түсіндірген. Алайда келісім ауызша жасалды деген себеппен қызмет көрсету жөніндегі келісімшартты сотта көрсете алмады.  Алматы қаласының Бостандық аудандық соты қаңтар айында  Мұхтар Тайжанның Сейсембайдың үстінен түсірген шағым бойынша шығарған шешіміне сәйкес, Сейсембай "ты засудил когда-то свою родную мать и родную сестру" деген сөздерді теріске шығарып, жария түрде кешірім сұрап, 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелген.

Марғұлан Сейсембайдың адвокаты Қанат Асылов тамыздың 23-і күні әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында шағымның алғашқы 9 тармағы бойынша Тайжанның талабы қабылданбағанын келтіреді. Сонымен қатар қорғаушы "Тайжан Сейсембайдан 200 мың $ аса көлемде қаражат алғаны дәлелденді және оны өзі де мойындады,  Сейсембай берген барлық қаражат қандай да бір қызмет үшін берілген төлем емес, оның отбасы күтіміне берілген көмек" дейді.

Байланысты жаналықтар

Си Цзиньпин шілдеде Қазақстанға келеді

28.03.2024

Оралов Президент әкімшілігіне оралды

28.03.2024

Мәскеудегі теракті салдарынан қаза тапқандар саны 143 адамға жетті 

28.03.2024

Тоқаев: Қытайдың салған инвестициясының тең жартысы Қазақстанның үлесіне тиесілі

28.03.2024

Шарлапаев ведет Казахстан в промкооперацию ЕАЭС. Кому это выгодно?

27.03.2024

Қырғыз олигархы Райымбек Матраимов ұсталып, Бішкекке жеткізілді

27.03.2024
MalimBlocks
Си Цзиньпин шілдеде Қазақстанға келеді

Бұл туралы Тоқаевтың Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оралов Президент әкімшілігіне оралды

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәскеудегі теракті салдарынан қаза тапқандар саны 143 адамға жетті 

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі «Крокус Сити Холлға» жасалған шабуылда және одан кейін қаза тапқандардың тізімін жаңартты. 27-наурыз түнде таратылған мәліметке сәйкес, қаза тапқандар саны 143 адам болған.

Тоқаев: Қытайдың салған инвестициясының тең жартысы Қазақстанның үлесіне тиесілі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Халықаралық конференциялар орталығына барды, деп хабарлайды Malim.kz.

Шарлапаев ведет Казахстан в промкооперацию ЕАЭС. Кому это выгодно?

В среду, 27 марта, депутаты мажилиса напоминали ежиков из избитого анекдота, которые кололись, плакали, но продолжал есть кактус. Министр промышленности и строительства Канат Шарлапаев пришел к ним на пленарку, чтобы те ратифицировали протокол о внесении изменений в Договор о ЕАЭС. В нем появится новая норма о реализации государствами-членами ЕАЭС совместных кооперационных проектов в отраслях промышленности.

Қырғыз олигархы Райымбек Матраимов ұсталып, Бішкекке жеткізілді

Қырғызстан кеден қызметі басшысының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимов Бакуден Бішкекке экстрадицияланды, деп хабарлайды Kaktus.media-ға сілтеме жасаған Malim.kz.