Су саласы үшін кадрлар даярлауға ерекше көңіл бөлінуде

2024-2025 оқу жылында су мамандығы бойынша 523 бакалавриат студент қабылданды.

Malim Админ

  • 24.10.2024

Осы мақсатта биыл шілде айында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті құрылды. 2024-2025 оқу жылында су мамандығы бойынша 523 бакалавриат студент қабылданды, бұл өткен оқу жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. 80-нен астам студент – болашақ маман «Қазсушар» РМК өңірлік филиалдарында өндірістік тәжірибеден өтті. «Болашақ» бағдарламасына су шаруашылығы саласындағы мамандықтар енгізілген. Сондай-ақ қазақстандық мамандар біліктілігін арттыру курстарынан өтуде. Мысалы, Нидерланд Корольдігімен бірлесіп «Қазсушар» РМК-ның 450 қызметкеріне арналған курстар басталды.
 
Биылғы сәуір айында жерасты суларының мониторингі мен басқаруын жақсарту үшін «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеология қызметі» құрылды. Су тасқынын болжау және моделдеу мақсатында Президенттің тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарланған flood.gharysh.kz ақпараттық жүйесі әзірленіп жатыр.
 
• Еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесін трансформациялау шеңберінде биыл «Қазсушар» РМК-ны «Нұра топтық су құбыры» РМК-мен біріктіру арқылы қайта ұйымдастыру жүргізілді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында бейінді емес және шығыны мол қызмет түрлерін оңтайландыру басталды. Бүгінгі таңда қолда бар 1440 техниканың жартысынан көбі жаңартуды қажет етеді. Осыған байланысты Үкімет биылғы маусым айында 757 бірлік техника сатып алу үшін 51,7 млрд теңге бөлді. 

Келесі вегетациялық кезеңге дайындық мақсатында су қоймаларын толтыратын күзгі-қысқы маусымның маңызы зор екені атап өтілді.
«Мемлекет басшысы су ресурстарын ұтымды пайдалану және болашақ ұрпақ үшін ауыз суды үнемдеу жөнінде міндеттер қойды. Көктемгі су тасқыны бүкіл су шаруашылығы саласын жаңғырту қажеттігін көрсетті. Біз қазірдің өзінде су шаруашылығы нысандарын ауқымды жаңғырту жұмыстарын бастадық. Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы су ресурстарын басқару жүйесінің тиімділігіне тікелей байланысты. Сондықтан шаруалардың су үнемдеу технологияларын енгізуге жұмсаған шығынын өтеуге баса назар аудару қажет. Бірінші кезектегі міндет – келесі вегетациялық кезеңге дайындық. Барлық іс-шаралар уақтылы жүргізілуі тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Үйлестіру ісін жақсарту мақсатында жыл соңына дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінен Су ресурстары және ирригация министрлігіне диқандарға су беру қызметтерінің құнын субсидиялау және су үнемдеу технологияларына инвестиция салу кезінде шығындарды өтеу жөніндегі функцияларын беру тапсырылды.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады