Сырский: Курск шайқасы ұрыс майданына оң әсер етті

Ресей аумағындағы әскери операциялар Донбасстағы ресейлік топты әлсіретуге ықпал етті

Аялдар Күнтуған

  • 11.11.2024

                            Фото: ВВС

Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырскиий Ресей аумағындағы әскери операциялар Донбасстағы ресейлік топты әлсіретуге ықпал етті деп санайды. Сырский Курск облысы туралы айтып отыр. бұл жөнінде ВВС хабарлады.

 «Егер біздің сарбаздарымыздың табандылығы болмаса, ең мықты қарумен жасақталған Ресейдің мыңдаған әскері Покровский, Кураховский немесе Торецкий бағытында маңызды позицияларымызға шабуыл жасап, майдандағы жағдайды айтарлықтай нашарлататын еді», – деді ол. Бұл туралы Сырский өзінің жеделхатында айтты. «Қазір олар өздерінің әскери басшылығының бұйрығын орындай отырып, біздің әскерлерімізді шығарып, біз бақылауға алған аумақты қайтарып алуға тырысуда».

Курск облысына шабуыл 6 тамызда басталып, күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Ресей әскерилері соңғы кездері Донбасста, оның ішінде Покровск, Курахов және Торецк бағытында шабуылын күшейтті.

Кеше New York Times газеті америкалық және украиналық дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Ресей Курск аймағында 50 мың адамнан тұратын топты, оның ішінде Солтүстік Кореядан келген әскерилерді шоғырландырды деп мәлімдеді. Жақын күндері басталуы мүмкін операцияның мақсаты бүкіл Курск облысына бақылауды қалпына келтіру болмақ, деп жазады газет.

Байланысты жаналықтар

Ресей түнімен «Шаһит» дронымен шабуылдады

03.12.2024

SIPRI: Дүние жүзінде қару-жарақ сату өсті, Ресей де қалысар емес

02.12.2024

Кошта: Украинаның ЕО-ға кіруіне көмектесеміз

02.12.2024

Зеленский одақтастарынан көмек сұрады

25.11.2024

АҚШ Ресейді атқылауға рұқсат берді. Әлем ақпараты не дейді?

18.11.2024

Ресей Киевке жаппай шабуыл жасады

13.11.2024
MalimBlocks
Ресей түнімен «Шаһит» дронымен шабуылдады

«Энергетиктер мен құтқарушылар шабуылдың салдарын жоюда. Суды жинап, телефондарыңызды зарядтаңыз. Толық ақпарат кейінірек белгілі болады»

SIPRI: Дүние жүзінде қару-жарақ сату өсті, Ресей де қалысар емес

Табыстың өсуі бүкіл әлемде байқалды және бұл, әсіресе, Ресей мен Таяу Шығыстағы компаниялар арасында қарқынды болды

Кошта: Украинаның ЕО-ға кіруіне көмектесеміз

«Біз уақытша басып алынған аумақтарды ешқашан заңды түрде Ресейдікі деп танымаймыз, бұл тек біздің жеріміз», – деді Украина лидері.

Зеленский одақтастарынан көмек сұрады

Ресей халқымызды қырып, қорқыныш пен үрей тудырып, бізді әлсіз, өзіне бағынышты елге айналдыруды көздеп отыр

АҚШ Ресейді атқылауға рұқсат берді. Әлем ақпараты не дейді?

«Мен Украина біз берген қаруды тек жебелерді тоқтату үшін ғана емес, садақшыларды өлтіру үшін де пайдалана алуы керек деп бірнеше рет айттым»

Ресей Киевке жаппай шабуыл жасады

Бұл соңғы 73 күнде болмаған ең ірі шабуыл.