457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тоқаев ADAL мен  AMANAT-ты біріктірді

Қоғамдық саяси күштердің бәрі жұмылуы керек

Тоқаев партия төрағалығынан бос кетпей, ADAL партиясы мен  AMANAT-ты біріктіріп кетті.  

«Жаңа Қазақстанды құрамыз десек – елге жанашыр, қоғамдық саяси күштердің бәрі жұмылуы керек. Бұл ретте партиялардың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамытуы аса маңызды. Сондықтан ADAL партиясының бастамасын қолдап, онымен біріккен жөн деп санаймын. ADAL - өз жақтастары бар, қалыптасқан партия. Осы маңызды қадам AMANAT партиясын жаңғыртып, күшейте түсуге септігін тигізеді деп ойлаймын», - деді Тоқаев.

Съезд барысында делегаттар «ADAL» партиясының AMANAT-қа қосылуын дауысқа салып, қолдады. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгіннен бастап AMANAT партиясының төрағасы ретінде Президенттің өкілеттігі тоқтады. Тоқаев AMANAT партиясының төрағалығына Ерлан Қошановты тағайындады.