Тоқаев жаңа премьер-министрге тапсырма берді

Жаңа премьер-министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысынан тапсырма алды.
"Бүгін жаңа премьер-министрді тағайындадық, бірқатар нақты міндет қойдық. Премьер-министрге үш апта ішінде 2022 жылға арналған Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасын дайындауды тапсырамын. Оны ақпанның басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырамыз", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.
Еске сала кетейік, 5 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды. Әлихан Смайылов премьер-министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалған еді. 11 қаңтардағы Мәжіліс Отырысында Президент Смайыловты премьер-министр қызметіне тағайындады.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы
Неге бұлай болды, неге адамдар өзіне қол жұмсайды, неге наразылыққа шыға береді, неге зейнет жасын төмендетуді сұрайды, неге жәрдемақыны көтеруді талап етеді деген зерттеулер жүргізілмейтін, тек әр оқиғаның салдарымен ғана күресетін және шамасы келгенше жылы жауып тастауға тырысатын мемлекетте тағы бір жылды өткіздік...