Тоқаев жарлығымен Ұлттық құрылтай құрылды

Айшолпан КЕРІМ

  • 15.06.2022

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ұлттық құрылтай құрылды

Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері:

- қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;

- жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;

- өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру.

Ұлттық құрылтай жылына кемі бір рет өткізіледі. Құрылтайдың төрағасы — президент Тоқаевтың өзі.

Айта кетейік, 16 маусымда Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы өтеді.

Жаңа қоғамдық институт Мемлекет басшысы айтқандай, қоғамдық диалогтың біртұтас институционалдық үлгісін қалыптастырып, билік пен халық арасындағы байланыстырушы буынға айналады.

Түрлі көзқарастағы, сан саладағы азаматтардың басын біріктіре отырып, жаңа идеялар әзірлейді, жаңа қадамдар жасайды. Ұлттық құрылтайда қоғамдық-саяси мәселелерге, әлеуметтік-гуманитарлық бағытқа баса назар аударылады. Сонымен қатар, жаңа институт барлық облыстық қоғамдық кеңестердің жұмысына жан бітірмек. Себебі, құрылтай құрамына өңірлік қоғамдық кеңестердің бір мүшесінен кірді. Демек, Президенттің төрағалығымен өтетін басқосуда аймақтардағы мәселелер де айтылады деген сөз.

Осы жерде Ұлттық құрылтайдың құрамы көңілден шығып отырғанын айта кетейін. Қоғамның түрлі топтарынан, түрлі саладан өкілдер бар. Олардың ынтымағы аса қажет.

Ермурат Бапи, Мурат Абенов , Азаматхан Әміртай, Тоқтар Әубәкіров, Жанарбек Әшімжан, Марат Башимов, Әлихан Бәйменов, Кылышбай Бисенов, Ақберен Елгезек, Ермұхамет Ертісбаев, Ғарифолла Есім, Илья Жақанов, Еділ Жаңбыршин, Асқар Жұмаділдаев, Гүлмира Илеуова, Рауан Кенжеханұлы, Қайрат Жолдыбайұлы, Жақсыбек Құлекеев, Сейдахмет Құттықадам, Darhan Qydyráli, Maigeldinov Kazbek, Айт-Ман Нұржан (Светқали Нұржан), Айман Омарова, Нұртай Сабильянов, Ерлан Саиров, Айдос Сарым, Азамат Сатыбалды, Мақсат Толықбай, Дәулет Тұрлыханов, Анар Фазылжанова, Андрей Чеботарев, Мұхтар Шаханов, Марат Шибұтов, Нұрлан Қоянбаев және тағы басқа сарапшылар, саясаткерлер, кәсіпкерлер, заңгерлер, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, журналистер, блогерлер құрылтай құрамына кірген.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады