«Транстелеком» АҚ акциясы Назарбаеваның ұлына берілді

Malim Админ

  • 17.02.2021

«Транстелеком» АҚ компаниясының 75 пайыз акциясы Нұрәли Әлиев құрған «Unit Telecom» ЖШС иелігіне өтті.

11 ақпандағы үкімет жарлығында Мұқанов Марлен Сәбитұлына «Транстелеком» АҚ-ның 75% акциясын «Unit Telecom» ЖШС компаниясына беру туралы келісімге рұқсат беру жөнінде айтылған.

«Unit Telecom» компаниясының құрылтайшыларының қатарында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен-немересі, мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәли Әлиев пен Пакупателев Дмитрий есімді азамат бар. Әлиев «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ал Дмитрий Пакупателев директорлар кеңесінің мүшесі. Нұрәли Әлиев бұл қызметке 2016 жылдың тамыз айында келген.

2021 жылдың 1 қаңтарындағы дерек бойынша Мұқанов «Транстелеком» АҚ –ның 74,99 % акциясына иелік еткен. Қалған 25 %-ы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына тиесілі болған. Марлен Мұқанов 2016 жылы (Әлиев қызметке келген жылдан бастап) «Транстелекомның»  49% акциясын иеленген. 2018 жылдың мамыр айында 75% акция бизнесменнің қолына өткен. Бұған дейін Мұқанов «Нұрбанк» директорлар кеңесінің мүшесі және Нұрәли Әлиевтің сенімді серіктерінің бірі болған.

2020 жылы «Транстелеком» АҚ-ның негізгі капиталы 12 млрд теңге, жалпы табысы 13 млрд теңге болған. «Unit Telecom» ЖШС 2014 жылы тіркелген. Бірақ мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, тек 2020 жылы 9090 теңге көлемінде салық төлеген.

«Forbes» журналының есебі бойынша, 2020 жылы Нұрәли Әлиевтің байлығы 269 000 000 доллар болған. Ол «Capital Holding» ЖШС-ға иелік етеді. Бұдан бөлек, «Darmen Holding» компаниясы мен «Nd Capital» венчурлық қорының акционері.

Соңғы жылдары Нұрәли Әлиевтің есімі Ұлыбританиядағы қымбат жылжымайтын мүліктерге байланысты дауларда жиі аталуда.

Байланысты жаналықтар

Назарбаев Бұхарада Өзбекстан президенті Мирзиеевпен кездесті

07.09.2024

Назарбаев тағы бір атағынан айырылды

24.07.2024

«Нұрсұлтан Назарбаевты сызып тастау керек». Қалдыбек Құрманәлі қазақтың жағымпаздығын сынады

26.06.2024

Түрмеде отырған Қайрат Сатыбалды Нұрсұлтан Назарбаевқа резиденция сыйлады

20.06.2023

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

13.04.2023

Назарбаевтарды қудалау басталды ма? – «Болаттың базарын» басқарғандарды іздеп жатыр

16.01.2023
MalimBlocks
Назарбаев Бұхарада Өзбекстан президенті Мирзиеевпен кездесті

Назарбаев тағы бір атағынан айырылды

«Нұрсұлтан Назарбаевты сызып тастау керек». Қалдыбек Құрманәлі қазақтың жағымпаздығын сынады

Сазгер әнұранның түпнұсқасын қайтару керегін атап өтті.

Түрмеде отырған Қайрат Сатыбалды Нұрсұлтан Назарбаевқа резиденция сыйлады

Түрмеде отырған Қайрат Сатыбалды ағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Үшқоңырдағы резиденциясын сыйға тартты.  

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

Асқар Мамин Қазақстан хоккейшілерін Ташкентте марапаттады

Назарбаевтарды қудалау басталды ма? – «Болаттың базарын» басқарғандарды іздеп жатыр

Жұрт "Болаттың базары" атап кеткен "Алтын Орда" базарының түпкі иесі Болат Назарбаев екенін былтыр көктемде ресми түрде хабарланған.