Түрмеден жолданған хат - Ауруханаға түскен азаматты жұбайымен жолықтырмады

Әлеуметтік желіде түрмеде жазылған хаты таралған Самат НҰРМҰХАНОВ аурухунаға түсті. Оның жары Сандуғаш ӘБДІҚАДЫРОВА күйеуінің жағдайын білу үшін ауруханаға келгенімен жұбайына жолыға алмаған. Сандуғаш Malim.kz тілшісіне күйеуінің жағдайы туралы айтып берді.

Ақниет Аманжолқызы

  • 05.03.2022

«Күйеуімді түрмеден шығарған жоқ. Бірақ 7-ауруханаға тексеруге алып келді. Медициналық тексеруден қалай өткенін көрейін десем, мені кіргізбеді. Колидорда шыққандарын күтіп отырдым», - деді Сандуғаш.

Ол жұбайының тексеруден өткенінің өзіне күмәнмен қарап отыр. Себебі күйеуімен сөйлеспей, жай ғана тексеру барысын бақылауға да рұқсат бермеген. Ал Саматпен бірге изолятордан еріп келген фельдшер Сандуғашпен сөйлесуден бас тартқан.

Оқи отырыңыз: Түрмеден жолданған хаттың құпиясы - эксклюзив сұхбат

«СИЗО-ға барғанымда маған «тексерілді, бәрі жақсы, хранический бронхит екен» деп айтқан. Енді соның қорытындысын бер десем, оны да бермейді. Олар менің күйеуімді тексеруден өткізген де жоқ», - дейді ол.

Самат жарына бүйрегінің ісіп тұрғаны туралы айтқан. Оның терең демалуы қиындаған. Соққылардың әсерінен екі өкпесінде гематома пайда болып, қан ұйып қалған.

Сандуғаш аурухананың дәлізінде жұбайын күтіп отырған сәтте Саматты басқа есіктен шығарып әкеткен. Оны дәрігер Аяпбергенов Ердәулет Балтабайұлы тексеруден өткізген. Алайда дәрігер Сандуғашқа күйеуінің жағдайын түсіндіруге асықпай, алдымен бөлім басшысымен кездесуге кеткен. Содан кейін ғана Сандуғашқа жолығып, күйеуінің жағдайы туралы айтып берді.

«Тексеріп қарадық. Анализдер тапсырды. Рентгенге түсірдік, компьютерный томография жасадық. Қазір шұғыл хирургиялық патология жасау қажеттілігі жоқ. Өкпесінде туберкулезге күдік бар. Қағаздарының бәрін бірге келген фельдшерге береміз. Туберкулезге қатысты емдеу керек. Бауыры, өкпесі, бүйрегінде травмалар мен гематомалар жоқ. Дәл қазір ауруханаға жатуға ешқандай қажеттілік жоқ», - деді дәрігер Ердәулет Балтабайұлы.

Сандуғаш дәрігерден жұбайының тексеру қорытындыларын алмақ болған. Алайда оған бұл құжаттар берілмеді. Ол ауруханаға арыз жазып кетті. Ертең, яғни 6 наурызда қорытынды берілуі тиіс.

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

23.11.2023

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

22.11.2023

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

20.11.2023

Тайны дела Бишимбаева

13.11.2023

Болат Назарбаев қайтыс болды

13.11.2023

Прощай, Миттал. Казахстан ждет новых иностранных инвесторов

09.11.2023
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады.  Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу  мәртебелі оқырман құзырында. 

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

Израиль мен ХАМАС бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізіп, екі тарап кепілге алынған тұтқындарының бір бөлігін босату және соғысты уақытша тоқтату туралы келісімге келген.

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

Ол 80-ге қараған шағында өмірден өтті

Тайны дела Бишимбаева

В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.

Болат Назарбаев қайтыс болды

Сағат 9.28-де оның жүрегі тоқтағаны жазылды

Прощай, Миттал. Казахстан ждет новых иностранных инвесторов

Очередную пятилетку индустриализации задумали в правительстве. В четверг, на заседании сената, министр промышленности и строительства Канат Шарлапаев рассказал о 15 инвестиционных проектах, которые к 2029 году должны обеспечить налоговые поступления в бюджет в размере 960 млрд тенге. Ожидается, что показатель ВВП повысится на 4,7%. Но как это отразится на жизни граждан, Шарлапаев не уточнил.