Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ҰҚК-нің 8 қызметкері қамауға алынды

Саясат
ҰҚК-нің 8 қызметкері қамауға алынды

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің 8 қызметкері тергеудің рұқсат етілмеген тәсілдерін қолдану актісі бойынша тергелуде. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратура өкілі Е.Қилымжанов осылай деді.  

«Арнайы прокурорлар ең резонансты 10 жағдайды тергеп жатыр. Аталған істер бойынша арнайы прокурорлар 9 лауазымды адамды ұстады. Оның ішінде 8 ұлттық қауіпсіздік қызметкері мен 1 полиция өкілі бар», - деді Қилымжанов. Ол қазіргі уақытта қамауда отырған күдіктілерге тергеудің рұқсат етілмеген тәсілдері қолданылып жатпағанын мәлімдеді. 

Бас прокуратура қызметкері әлеуметтік желіде қамауда отырғандарға  қатысты жазылған жазбаларға жауап берді. «Аталған адамдарға қатысты ешқандай зорлық-зомбылық қолданылып жатпағанын сендіріп айтамыз. Бұл ретте біз бұрын қолданылған бұлтартпау шараларын жеңілдету жөніндегі жұмыстарды жалғастырып жатырмыз», деді арнайы өкіл. Оның айтуынша, қазір 275 адам  қамауда отыр.  
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу