Храпуновтар АҚШ сотын алдап соққан

Malim Админ

  • 07.09.2020

2020 жылғы 3 қыркүйекте Нью-Йорктің оңтүстік округі бойынша АҚШ Округтік соты Ильяс, Виктор Храпуновтарға қарсы сот өндірісінің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салу туралы кезекті қаулы шығарған. Судья Кэтрин Паркер Храпуновтар көптеген заңды міндеттемелерді бұзған, дәлелдерді әдейі жойған және кейбір дәлелдердің өз қолдарында жоқтығы туралы жалған жауап берген деген қорытындыға келді. Сондай-ақ сот Храпуновтардың осы іс бойынша кейбір сот қаулыларын, соның ішінде Ильяс Храпуновтың құпия айғақтарды рұқсатсыз таратуға салынған тыйымды бұзғандығын анықтады. Ағымдағы жылғы 3 қыркүйектегі шешім соттардың Храпуновтар мен Әбілязовқа қатысты құқыққа қайшы мінез-құлқы және сот өндірісінің тәртібін бұзғаны үшін айыппұлдар тағайындау туралы үстіміздегі жылғы мамыр айында және 2019 жылғы шілде айында шығарылған қаулыларының жалғасы. Бұл қатарынан санағанда бесінші шешім. Айыппұлдың нақты мөлшері талапкерлердің өздері жұмсаған сот шығындарының сомасын сотқа ұсынғаннан кейін белгіленеді.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (Алматы қ. әкімдігінің атынан) «БТА Банк» АҚ-мен (бұдан әрі - Талапкерлер) бірлесіп, төрт жылдан астам уақыт бұрын Әбілязовты, Храпуновтарды және олардың қылмыстық сыбайластарын Қазақстаннан ұрланған ақшаны АҚШ-та пайдаланды деген айыппен Нью-Йорктағы «Flatotel» сот қарауына бастамашылық жасаған. Әбілязов жалған несиелер беру арқылы БТА-дан миллиардтаған доллар ұрлаған. Ол үшін Әбілязов Қазақстанда сотталып, Біріккен Корольдік соттарында кінәлі деп танылған. АҚШ-тағы сот қараулары барысында Талапкерлер Әбілязовтың қылмыстарын растайтын қосымша елеулі дәлелдерді жинады, сондай-ақ осы қылмыстардың жасалуын өз көзімен көрген көптеген куәлардың жауаптарын дайындады.

«Талапкерлер ұсынылып жатқан дәлелдерге соттың мұқият қарауын жоғары бағалайды. Әбілязов, Храпуновтар және олардың сыбайластары сот процесінде адал ниетпен қатысудан бірнеше рет бас тартып, көптеген сот қаулыларының талаптарын бұзған. Дәлелдердің бір бөлігін қасақана жойғандықтарына қарамастан, олардың жасалған қылмыстарға қатыстылығын растайтын құжаттар жеткілікті. Талапкерлер сол дәлелдерді Нью-Йорк алқабилер сотының назарына ұсыну мүмкіндігін асыға күтіп жатыр», – деді Қазақстан Үкіметінің Консультанты – «Boies Schiller Flexner LLP» серіктесі Мэттью Шварц.

 

Байланысты жаналықтар

Әблязов пен Храпуновқа айыппұл салыныпты

20.10.2021

Храпуновтар АҚШ сотын алдапты

21.05.2020
MalimBlocks
Әблязов пен Храпуновқа айыппұл салыныпты

Нью-Йорк федералды соты Мұхтар Аблязов пен Ілияс Храпуновтың барлық наразылықтарын қабылдамай, оларға айыппұл санкцияларын салды

Храпуновтар АҚШ сотын алдапты