Жаслан Мәдиев Бағдат Мусиннің орнын алмастырды

Ол 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Malim Админ

  • 06.05.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевті тағайындады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған Ақорда таратқан ресми ақпаратта.

Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы "Альянс Банк" АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.

2007-2008 жылдары — "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері.

2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-да жұмыс істеді.

2009-2010 жылдары — "KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2010-2014 жылдары — "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарушы директоры-мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары.

2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық банкінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.

2017-2018 жылдары — "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы, қаржы жөніндегі вице-президенті.

2018 жылы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ қаржы жөніндегі басқарма төрағасы болып тағайындалды.

2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.

2020 жылғы қазаннан бастап қазіргі таңға дейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Еске салсақ, бұған дейін бұл қызметті атқарған Бағдат Мусин қызметінен босатылғанын жазған болатынбыз. 

Фото: Gov.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы тағайындалды

01.05.2025

Абай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

30.04.2025

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

27.04.2025

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

21.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025

Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа директоры тағайындалды

10.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан атом электр станциялары компаниясының басшысы тағайындалды

Осыған дейін бірнеше лауазымды қызмет атқарған

Абай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Моңғолия, Шри-Ланка және Даниядағы елшілерін тағайындады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа директоры тағайындалды

Қуаныш Бишімов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды