Зеленский: «Еуропа одағы үнсіз отыр»

7 бейбіт тұрғын қаза тапты

Malim Админ

  • 27.05.2022

 

Зеленский  Еуропа одағын сынға алды. Қазіргі уақытта Украинаға бірнеше тараптан шабуыл жасалып жатыр. 

Батысқа қарата жолдаған бейнеүндеуінде Зеленский Еуропа одағын батыл қадам жасай алмай, үнсіз  отыр деп айыптады.   

«2014 жылдың 24 мамырынан бастап бүгінге дейін талай мүмкіндік болды. Ресей Украинаға және ЕО-ға қарсы жасаған іс-әрекеттерінің зардабын тартуы керек еді. Бұл айтылмай келеді», - деді Украина президенті.    

Зеленскийдің ЕО-ны сынға алуының тағы бір себебі – Одақ Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін көп уақыттан бері шеше алмай отыр.   

«Украина соғыстың барысын өзгертіп, басқыншыларды қуып шығару үшін қажет қару-жарақтың барлық түрін алып жатқан жоқ, соғыс арсеналын күтіп жүргенімізге көп болды. Олар Ресей шекарасына жақын қалаларда, Донецкіде, Луганскіде қаза тапқандар мен жараланғандардың орнын толтыру үшін барлығын сонда жинап жатыр», - деп мәлімдеді Зеленский.

Жақында Донбасстың қырық қаласының бірі Лисичанск Ресей армиясының бомбалауына ұшырады. Украина билігінің мәліметінше, үш адам қайтыс болды: біреуі Лисичанск қаласында, тағы екеуі көрші Устиновка ауылында. Сегіз көпқабатты үй мен мәдениет сарайы бүлінген. Снаряд гуманитарлық көмек көрсету орталығына да түскен.

Бейсенбіде Луганск облыстық полициясы көшелерді күзетіп, шығындарды есептеп, үйлерінен әлі шықпаған бірнеше жергілікті тұрғындарға көмектесуге тырысады.

Әуе шабуылдарының жиілеуі Ресей әскерлерінің алға жылжуымен байланысты: Мәскеу көрші Северодонецкті қоршауға алуға тырысып жатыр. Украина билігінің мәліметінше, онда тұрғын үйлердің 90% - ы қираған.

Сонымен бірге, Ресей Қорғаныс министрлігі тағы да Искандер зымыран кешенінің кадрларын көрсетті, бұл армия тек әскери нысандарға соққы береді деп мәлімдеді.

Украина билігі өз кезегінде Ресей әскерлері Харьковқа оқ жаудырды деп хабарлайды: олардың мәліметтері бойынша кемінде 7 бейбіт тұрғын көз жұмған. Тағы 17 адам жарақат алды, оның біреуі 9 жастағы бала.

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді