Жигули Дайрабаев Respublica төрағасына қарсы мәлімдеме жасады
Фермерлер «біздікі», «олардыкі» дейтіндей зат емес!
Қазақстанның бас фермері, «Ауыл» партиясының мүшесі Жигули Дайрабаев Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаровқа қарсы мәлімдеме жасады.
«Жақында Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров «фермерлер біздікі» депті. Біріншіден, фермерлер «біздікі», «олардыкі» дейтіндей саған зат емес! Фермерлерді қорға, дамыт, бірақ іріткі салма», деді ол.
Сондай-ақ, Дайрабаев Қожаназаровты еңбек адамдарын бөлмеуге, Парламентке бару үшін заң талаптарын білуге шақырды.
«ГМО лоббисті екеніңді естідім. Соларды өсіргеніңді өзің де айттың... ГМО-ның адамға зияны жоқ екені дәлелденбеген... Ауылға зиян келтіруге жол бермейміз», - деді Жигули Дайрабаев.
Тапсырыс беруші: «Ауыл» ХДПП; «Ауыл» ХДПП сайлау қоры қаражаты есебінен төленді