freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Прокурор қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа 4 жыл шартты жаза сұрады

Құқық
Прокурор қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа 4 жыл шартты жаза сұрады
Ulysmedia.kz

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында заңсыз шығарылған активтерді қайтарумен айналысатын Elge Qaitaru қоғамдық қорының директоры, қоғам белсендісі Оразалы Ержанов қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

qaz.ulysmedia.kz сайтының мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы соттан Оразалы Ержановты 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырып, оған пробациялық бақылау тағайындауды сұрады.

Сонымен қатар прокурор белсендіге 5 жыл мерзімге қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салуды талап етті.

Бұған дейінгі сот отырысында Оразалы Ержанов өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеген болатын. Бүгінгі отырыста да ол осы ұстанымын қайталады.

Әзірге сот үкімінің нақты қашан шығатыны белгісіз.

Еске салайық, белсенді биыл ақпан айының соңында ұсталған. Алғашында оның үйінде тінту жүргізіліп, кейін 10 тәулікке қамалған еді. Полиция бұл істің «сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіру» фактісі бойынша тергеліп жатқанын хабарлаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу