Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қайғылы жағдай. 2 бала жан сақтау бөліміне түсіп, 52 жолаушы уланған

Оқиға
Қайғылы жағдай. 2 бала жан сақтау бөліміне түсіп, 52 жолаушы уланған
ҚТЖ

Алматы-2 теміржол бекетіне келген пойызда 52 адам көміртегі тотығынан уланып қалды. Салдарынан екі бала жансақтау бөліміне түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды. 

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдемнің 13 бригадасы жіберілген.

"Барлығы 52 адам, оның ішінде балалар зардап шеккен. Барлық науқас қала стационарларының қабылдау бөлімдеріне жеткізіліп, тексеруден өткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді", – деп хабарлады ведомство.

Басқарманың мәліметінше, тексеріс нәтижесінде 10 бала ауруханаға жатқызылған. Оның екеуі жансақтау бөлімінде, қалғандары профильдік бөлімдерде ем алып жатыр.

"Қалған пациенттерге тексеру мен алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емге жіберілді. Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы дәрігерлер бақылауында, барлығы қажетті медициналық көмекпен қамтылған", – деді баспасөз қызметі.

Жағдайға "Жолаушылар тасымалы" АҚ да түсінік берді. Компания пойыздың өздеріне қатысы жоқ екенін айтты.

"Алматы-2 вокзалына келген пойыздағы көміртегі тотығымен улану оқиғасына байланысты хабарламаға қатысты айта кетсек, Ұлттық тасымалдаушының бұл оқиғаға қатысы жоқ. Улану болған пойыз “Жолаушылар тасымалы“ АҚ-на тиесілі емес, жеке тасымалдаушыға қарайды. Вагондар түсірілім жүргізу үшін киностудияға берілген", – деп мәлімдеді компания.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу