Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қаржы пирамидасын басқарған күдікті Армениядан экстрадицияланды

Құқық
Қаржы пирамидасын басқарған күдікті Армениядан экстрадицияланды

Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері еліміздің Армениядағы Елшілігінің көмегімен қаржы пирамидасын басқарған Қазақстан азаматшасын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін елге экстрадициялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, күдікті 2019-2021 жылдар аралығында Қостанай облысындағы «Finiko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған. Сонда қырыққа жуық жәбірленуші жалпы құны 167 млн-нан астам теңгеге алдап кеткен.

Қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі бұрын әр түрлі жазамен сотталған, ал қылмыс жасалғаннан кейін күдікті Арменияда жасырынған және ол сол елде ұсталып отыр.

Қазір күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Айып тағылған қылмысты жасағаны үшін 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, деп жазды Бас прокуратура.

Фото: бейнежазбадан скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу