Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қастер мен Мұрагерге босқын мәртебесі берілді

Сұқбат
Қастер мен Мұрагерге босқын мәртебесі берілді

Қытайда қысым көріп, Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен Қастар Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлына босқын мәртебесі берілді.

Ақмола облысы полиция департаменті көші-қон басқармасы Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының босқын мәртесебін беру туралы өтінішін қанағаттандырды. Өтінішті босқын мәртебесін беру, ұзарту айыру және тоқтату бойынша ведомствоаралық комиссия қараған. Комиссия шешімі бойынша, қос азаматқа 1 жылға босқын мәртебесі берілген.

Мұсаханұлы мен Әлімұлының адвокаты Абдулла Бақбергеновтің сөзінше, өтінішті қарау барысында комиссия отырысы бірнеше рет кейінге қалдырылған. Бірақ ақыр соңында комиссия қазанның 16-ы күні оң шешім шығарған.

«Осы екі жігіттің (Мұсаханұлы мен Әлімұлының-ред) мәселесі бойынша маған «Нағыз Атажұрт» ұйымының жігіттері хабарласты. Өтініш қазанның 16-сы күні қаралды. Комиссияда жеті адам болды. Олардың арасында депутаттар, ҰҚК және көші-қон полициясының қызметкерлері болды. Комиссия қорытындысы бойынша 1 жылға босқын мәртебесі берілді», - дейді А.Бақбергенов.

Естеріңізге салайық, 2019 жылдың қазан айында  Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы Қазақстан аумағына келген. Сол уақытта қос азамат Қазақстан билігінен босқын мәртебесін беруді сұраған. Кейіннен Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық соты оларды «мемлекеттік шекараны заңсыз бұзып өтті» деген айыппен 1 жылға бас бостандығынан айырған. Тергеу изоляторында отырған 1 күні 2 күнге есептелуіне байланысты Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы 5 ай 24 күннен кейін бостандыққа шығарылған.

 

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу