Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде бокстан Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.
Жарыс Нидерландтың Эйндховен қаласында өтті.
Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша біздің спортшылар 5 алтын және 3 қола медаль иеленді.
Турнир чемпиондары:
- Даниял Сәбит
- Абылайхан Жүсіпов
- Ерасыл Жақыпбеков
- Дәулет Төлемісов
- Нұрлан Сапарбай
Қола жүлдегерлер:
- Ертуған Зейнуллинов
- Сабыржан Аққалықов
- Сағындық Тоғамбай.
Фото: ҚФБ