Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандық балуандар Түркияда екі алтын иеленді

Спорт
Қазақстандық балуандар Түркияда екі алтын иеленді

Түркияның Коджаэли қаласында өткен еркін күрестен Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Каплан атындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының үш балуаны жүлдегер атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жүлде иегерлері:

Нұрқожа Қайпанов (74 кг) – алтын медаль

Ризабек Айтмұхан (97 кг) – алтын медаль

Азамат Дәулетбеков (86 кг) – күміс медаль

Финалдық белдесулерде Қайпанов болгариялық Рамазан Рамазановты, ал Айтмұхан Ахмед Магомаевты (Болгария) жеңді. Дәулетбеков шешуші белдесуде Әзірбайжан спортшысы Әли Цокаевқа жол берді.

Айта кетейік, бұл турнир Түркияның күрес тарихында маңызды орын алатын үш балуан – Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған дәстүрлі жарыс болып саналады.

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу