freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның барлық облысында дауылды ескерту жарияланды

Экология
Қазақстанның барлық облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: pixabay

Қазгидромет 24 тамызға Қазақстанның барлық облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктер қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, тұман және аптап ыстық болатынын болжап отыр.

Атырау облысында күндіз ауа температурасы +35…+39 градусқа дейін көтеріліп, Атырау қаласында +35…+37 градус болады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні кей жерлерде 25 м/с-қа жетеді. Таразда күндіз жаңбыр, найзағай және 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының батысында күндіз өткінші жаңбыр, найзағай және бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы +35…+38 градусқа дейін көтеріледі.

Павлодар облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болжанады. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ және дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түсіп, желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Алматы облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тау бөктері мен таулы аудандарда кешке қарай бұршақ аралас қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Желдің екпіні кей жерлерде 18–23 м/с болады.

Алматыда күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай болжанады. Солтүстігінде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Жел кей жерлерде 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Шымкентте желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Ақмола облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысы мен оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз оңтүстігі мен шығысында бұршақ және дауыл болуы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аудандарында түнде және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Қарағанды облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысында, солтүстігінде және шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Қарағанды қаласында да қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанады.

Жетісу облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Алакөл көлдері ауданында жел 23–28 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысында күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы +38…+42 градусқа дейін көтеріледі. Өңірдің батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында 24–26 тамыз аралығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні кей жерлерде 15–20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болжанады. Желдің екпіні кей жерлерде 23–28 м/с-қа жетеді. Өскеменде де жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі.

Абай облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өңірдің орталығында қатты жаңбыр жауады. Күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Жекелеген учаскелерде желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетеді. Семейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ және дауыл күтіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу