Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қырғызстанда қазақстандық олигарх Владимир Жұманбаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Әлем
Қырғызстанда қазақстандық олигарх Владимир Жұманбаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Қазақстандық кәсіпкер Владимир Жұманбаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.

Оқиғалардың нәтижесінде В.Жұманбаевқа қатысты бұрын тағылған айыптар оның ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне және қаржыландыруына қатысы жоқтығына байланысты алынып тасталды, ал соңғысына қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу тоқтатылды, - делінген хабарламада.

Бұған дейін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық қудалау қозғалған. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті ұйымдасқан қылмыстық топ – “заңдағы ұры” Қамчи Асанбек пен Жұманбаевтың қызметін қаржыландырудың жекелеген фактілері анықталғанын мәлімдеді.

Маусымның 19-ы күні Жұманбаевтың өзі Қырғызстанға келіп, тергеуге белсенді қатысқаны хабарланды.

Владимир Жұманбаев Forbes Kazakhstan тізімінде 25-орында.

Қырғызстанда арнайы операция кезінде қылмыстық авторитет Камчыбек Көлбаев жойылғанын естеріңізге саламыз.

Бұған дейін 

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қазақстандық кәсіпкер, «Вертекс Голд» компаниясының иесі Владимир Жұманбаевқа Қ.Асанбектің (Қамшы Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырғаны үшін іздеу жариялағанын жазған болатынбыз.

Фото: kazakhmys.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу