Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қырғызстанның уақытша президенті отставкаға кетеді

Сұқбат
Қырғызстанның уақытша президенті отставкаға кетеді

Қырғызстанның уақытша президенті, премьер-министр Садыр ЖАПАРОВ алдағы президенттік сайлауға қатысады. Ол үшін мемлекет басшысы қызметінен кетпек. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Саясаткер бұл шешімін Қошқар ауданына барған іс сапарында мәлімдеген. Енді Жапаров желтоқсан айының басында президенттік қызметтен бас тартады.

 «Мен басқалармен бірге сайлауға түсемін. Егер халық дауысын берсе президент боламын», — деді Садыр Жапаров.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін орталық сайлау комиссиясы уақытынан бұрын президенттік сайлауды 2021 жылдың 10-шы қаңтар күнін белгілеген. Қырғыз Ата заңы бойынша уақытша президент болған саясаткер президенттік сайлауға қатыса алмайды. Мәселен, 2010 жылғы революциядан кейін билікке Роза ОТЫНБАЕВА келген еді. Президент міндетін уақытша атқарған саясаткер содан кейін президенттік сайлауға түскен жоқ.

Фото: rubryka.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу