Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қытайға заңсыз темір рудасын сатқандар анықталды

Экономика
Қытайға заңсыз темір рудасын сатқандар анықталды

Құны 1 миллиард теңге болатын темір рудасы Қытайға заңсыз сатылған.

Қаржы мониторингі агенттігі қарағандылық компанияның Қытайға 120 тонна темір рудасын заңсыз сатқанын анықтады. Агенттік мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында Қарағанды облысында темір рудасын рұқсатсыз өндіру фактісі тіркелген.

Тексеру барысында 2016-2017 жылдары коммерциялық кәсіпорындардың бірі Қытайға жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайтын 128 тонна темір рудасын заңсыз сатқан. Бірақ агенттік жариялаған мәлімдемеде қандай кәсіпорынның заңсыз өндіріспен айналысқаны жөнінде айтылмаған.

Қазір аталмыш фактіге байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 214 бабының 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу