freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей дрон әскеріне жеке қолбасшы тағайындалды. Екі тарапттың ендігі беталысы қалай болмақ?

Әлем
Ресей дрон әскеріне жеке қолбасшы тағайындалды. Екі тарапттың ендігі беталысы қалай болмақ?
https://tass.ru

Ресей президенті Владимир Путин армияның жаңа құрылымы - Ұшқышсыз жүйелер әскерінің басшысы қызметіне генерал-полковник Денис Ляминді тағайындады. Бұл шешім Ресейдің Украинадағы соғысында ұшқышсыз ұшу аппараттарының рөлі бұрынғыдан да артқанын көрсетеді, деп хабарлайды Malim.kz.
 

Соңғы айларда Ресей мен Украина майдандағы операцияларда ғана емес, қарсы тараптың тылындағы әскери нысандарға да жүздеген дронмен соққы беріп келеді. Осыған байланысты Мәскеу дрондарды қолдануды орталықтандыру және өндірісті үйлестіру мақсатында жеке әскер түрін құруға кірісті.
Reuters агенттігінің мәліметінше, кадрлық өзгерістер мұнымен шектелмейді. Ресей Қорғаныс министрлігі әскери логистика мен майдандағы басқару жүйесіне де өзгерістер енгізіп жатыр. Сарапшылар мұны Кремльдің Украинадағы соғыс тактикасын жаңа технологияларға бейімдеу әрекеті деп бағалайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу