Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресми: Қазақстан құрамасы Станислав Черчесовтен құтылды

Спорт
Ресми: Қазақстан құрамасы Станислав Черчесовтен құтылды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Федерацияның мәліметі бойынша, еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды.
Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.
Ресейлік маман Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылғы маусымда алған. Оның қарамағында ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында ойнап, топтық кезеңнің алты ойынына қатысты. Соның бесеуінде жеңіліс тапса, біреуін тең аяқтады.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.

Фото: әлеуметтік желі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу