Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ризабек Айтмұхан АҚШ-тың олимпиада чемпионынан жеңілді

Спорт
Ризабек Айтмұхан АҚШ-тың олимпиада чемпионынан жеңілді

Турнирдің шешуші белдесуінде қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан мен АҚШ-тың Олимпиада чемпионы Кайл Снайдер кездескен болатын, деп хабарлайды Malim.kz.

Спортшылар 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп, Снайдер 8:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Айта кетейік, америкалық балуан бұл турнир аясында екі жекпе-жек өткізді. Бұған дейін ол ресейлік Константин Пшеничниковті жеңген болатын.

Сонымен қатар бүгін 76 келіге дейінгі салмақта Жәмиля Бақбергенова мен 86 келіде Азамат Дәулетбеков те боз кілемге шықты.

Жәмиля қырғызстандық Айпери Медетқызына жол берсе, Дәулетбеков беларусьтік Магомедхабиб Кадимагомедовті жеңді.

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу