Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен әлем чемпионатының финалына шықты

Спорт
Ризабек Айтмұхан еркін күрестен әлем чемпионатының финалына шықты

Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан еркін күрестен жастар арасындағы (U20) әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұхан финалға шықты, деп хабарлайды Malim.kz. 

ҰОК мәліметінше, 97 келі салмақта белдесіп жатқан жерлесіміз жартылай финалда америкалық қарсыласын 9:1 есебімен жеңген. Оның алдында Грекия және Иран балуандарын да ірі есеппен ұтқан. 

Финалда Ризабек Айтмұхан әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдеседі. Алтын медаль үшін өтетін кездесу бүгінге жоспарланған. 

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу