freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Шахановтың өз сөзі емес": Кремльде айтылған шындықтың артында кім тұр? (ФОТО)

Қоғам
"Шахановтың өз сөзі емес": Кремльде айтылған шындықтың артында кім тұр? (ФОТО)
Arasha.kz коллажы

Елге белгілі ақын, диссидент әрі қоғам қайраткері Арон Атабектің қызы Алма Нутушева әлеуметтік желідегі парақшасында әкесі туралы естелік жазба жариялаған болатын, деп хабарлайды Malim.kz.

Жазбасында Алма Нутушева әкесінің қайтыс болғаннан кейін де ресми түрде ақталмағаны қоғамда үлкен талқылау туғызғанын атап өткен еді. Оның айтуынша, Желтоқсан оқиғасынан кейін қатысушылардың репрессия құрбандары мәртебесін алуына Арон Атабектің тікелей үлесі болған.

"Арон Атабектің тіпті қайтыс болғаннан кейін де ақталмауы – бүгінге дейін қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр! Желтоқсан оқиғасынан кейін адамдардың репрессия құрбандары мәртебесін алуына Арон Атабектің тікелей еңбегі сіңді. Кремльде Мұхтар Шаханов оқыған хаттың авторы – дәл осы Арон Атабек. Арон мен оның бауыры Рашид Нутушев өз өмірлеріне зор қауіп төнгеніне қарамастан, Мәскеуге баруды ұйымдастырды. Бұл қадам тарихтың бағытын түбегейлі өзгертті. Бүгінде Қайрат Рысқұлбеков сияқты Желтоқсан қаһармандарының есімдері көшелерге беріліп жатыр. Ал Арон Атабек ше? Егер ол болмағанда, ештеңе болмас еді! Менің әкем – Арон Атабек, оның бауыры Рашид пен Хасен Қожахмет 1986 жылы алаңға алғашқылардың бірі болып шықты. Қаза тапқандарға аза тұту рәсімін өткізуді, Желтоқсан оқиғасына әділ баға беруді алғаш талап еткен де – Арон Атабек. Арон Атабектің арқасында Алматы қаласының Алатау ауданы құрылып, бүгінгі күнге дейін дамып келеді", – деп жазды Алма Нутушева.

Арон Атабек (1953-2021) оппозициялық қозғалыстарға белсене қатысып, "Жерұйық" және "Алаш" ұйымдарын құрған. Ол қазақ мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін қорғап, осы ұстанымы үшін саяси қудалауға ұшыраған. 2006 жылғы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, құқық қорғаушылар оны саяси тұтқын деп таныған. 2021 жылы денсаулығына байланысты бостандыққа шығып, сол жылдың 24 қарашасында Алматы қаласында қайтыс болған. Оның қоғамдық қызметі мен шығармашылығы бүгінге дейін талқыланып келеді.

Еске сала кетейік, Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Мұхтар Шаханов 19 сәуір күні өмірден өткен еді. Сондай-ақ танымал блогер Қайша Керей әлеуметтік желідегі парақшасында қазақтың абыз ақсақалы Мұхтар Шахановтың өмірінің соңғы сәттерінен түсірілген бейнемен бөлісіп, әсерлі жазба жариялаған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу