Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шетелге қашып кеткен Күдебаев ұсталды   

Саясат
Шетелге қашып кеткен Күдебаев ұсталды   

Қаңтар оқиғасынан кейін «қызметтегі әрекетсіздік» бабы бойынша айыпталып, соты жүріп жатқан Серік Күдебаев шетелге қашып кеткен еді.  Бүгін ол  ұсталды деген ақпарат тарады. Ақпаратты Бас прокурор Берік Асылов растады.  

 Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев ұсталды. Ақпаратты 27 сәуірде Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов растады. Журналистердің «Серік Құдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілді ме?» деген сұрағына бас прокурор қысқаша «иә» деп жауап берген.

Айта кетейік, Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтарда басталған болатын.  Бұған дейін Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша ауыр азаптауларға қатысты деп танылған. Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған. Күдебаев ісі былтырдан бері сағызша созылып келді. Ол 2022 жылы 18 ақпанында ішкі істер органдарынан босатылды.

 Бұған дейін Полиция департаментінің экс-басшысы «ауырып қалды» деген желеумен бірнеше рет сотқа келмеді. 30-наурызда  тағы Күдебаевқа қатысты сот отырысы өтетін болған. Бірақ айыпталушы сотқа келмей қойды.   Кейін қашып кеткені туралы ақпарат тарады.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу