freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Щучинскідегі қайғылы оқиға: дәмхана иесі ұсталды

Оқиға
Щучинскідегі қайғылы оқиға: дәмхана иесі ұсталды
видеодан скриншот

Ақмола облысының прокуратурасы Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталғанын хабарлады. Жарылыс пен өрт салдарынын бірнеше адам қаза тапқан болатын, - деп хабарлайды  Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп. 

Прокуратура мәліметінше, Щучинскідегі "Центр плова" дәмханасында болған өрт дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. 2 наурызда дәмхана иесі ұсталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, Ақмола облыстық Денсаулық сақтау департаменті жансақтау бөлімінде жатқан тағы екі адамның қайтыс болғанын хабарлаған болатын, осылайша қаза тапқандар саны тоғызға жетті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу