freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Щучинскідегі жарылыста қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңге көмек беріледі

Қоғам
Щучинскідегі жарылыста қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңге көмек беріледі
видеодан скриншот

Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов Щучинскідегі қайғылы оқиғадан зардап шеккендерге төленетін төлемдер туралы айтты, деп хабарлайды  Malim.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

 28 адам зардап шекті, 7 адам қаза тапты, олардың ішінде бір кәмелетке толмаған бар. Барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.

Қаза тапқандардың отбасыларына 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленеді, ал зардап шеккендерге 1 млн теңгеден беріледі, – деді Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов.

Әкімдік жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға байланысты барлық ұйымдастырушылық мәселелерді өз мойнына алды.

Қаралы іс-шараларға қатысу үшін келетін туыстарды орналастыру және алып жүру бойынша көмек көрсетіліп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу