Алаяқтан алданған халыққа көмектескім келеді - Жұлдыз Әбдукәрімова

Актриса алаяққа алданып, пәтерінен айырылып қалған

Сабина Асқарқызы

  • 11.12.2024

Танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова өзі секілді алаяқтың құрбаны болған көпшілікке көмек қолын созбақ. Актриса бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Актриса алаяққа алданып, пәтерінен айырылып қалған. Енді ол қайтсе де әділдікке жетуді көздеп отыр.

"Көп сабақ алдым. Әлі де алып жатырмын. Бұл оқиғаның болғанына еш өкінбеймін. Бастапқыда өкініш, ашу-ыза сынды барлық эмоцияны бастан кешірдім. Ал қазір олай емес. Осындай жағдайға тап болған кезде қасыңда кімнің қандай адам екенін біледі екенсің. Кім қандай әрекет жасайды, өзің қандай әрекет жасайтыныңды көресің. Бұл саған не үшін берілгенін сезесің, соған қарай әрекет етесің. Өзім «жертва» позициясын, жылап отырғанды ұнатпаймын. Мүмкіндігің болса, барлығын қолыңа ал да, әрекет ет. Егер ол саған бұйырып тұрса, ешқайда кетпеді. Демек, бұл жерде де менің миссиям бар. Сол миссиямды орындап, халыққа алаяқтықтан қорғануды жеткізуім керек. Егер 10 адамға болсын пайда тисе, сол үшін қуанамын. Менің миссиям осы деп білемін. Яғни, адамдардың осындай жағдайға душар болуынан алдын алу, қорғау", - дейді актриса.

Өнер иесінің айтуынша, елімізде алаяқтарға алданған халықтың қарасы қалың.

"Көп мекеменің табалдырығын тоздырдым. Сонда алаяқтан жәбірленіп, жылап отырған, дәлелдей алмай жүрген көп адамды кездестіремін. Оларды көріп, ішім ашиды, жүрегім ауырады. Себебі алаяқтар қарапайым халықты алдап соғып отыр. Олар «алданамын» деп ойламайды. Тура солай менде де. Бірақ мендегі артықшылық ол халықтың алдында азды-көп танымал болуым. Оны дұрыс жаққа қарай пайдаланып, осы жолда энергиямыды бағыттауым керек", - деді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Байланысты жаналықтар

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

13.05.2025

Астанада бірнеше автобус бағдары уақытша өзгереді

01.05.2025

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

30.04.2025

Бішкекте қазақстандықтарды алдаған колл-орталық әшкереленді

26.04.2025
MalimBlocks
Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

Астанада бірнеше автобус бағдары уақытша өзгереді

№ 18, 27, 47 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

Бішкекте қазақстандықтарды алдаған колл-орталық әшкереленді