Бүгін Алмас Кішкенбаевтың соты өтеді

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша іс қаралады

Сабина Асқарқызы

  • 03.02.2025

Бүгін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында әнші Алмас Кішкенбаевтың ісі қаралады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот өндірісінде Кішкенбаев Алмас Бексейітұлына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі (“Ұсақ бұзақылық”) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралуда. 2024 жылғы 31 қаңтарда іс бойынша мән-жайларды қарастыру мүмкін болмады, себебі жәбірленуші, кәмелетке толмаған К.-ның заңды өкілі ауызша өтініш білдіріп, іс материалдарымен танысу үшін қарау күнін кейінге қалдыруды сұрады, – делінген ақпаратта.

Айт кетсек, осыған дейін әншінің 17 жастағы курьерге тиіскені туралы ақпарат шыққан. Баланың әкесі полицияға арыз жазған. Қалалық полиция Алмас Кішкенбаетың ұсталғанын растаған.

2007 жылы туған бозбаланың сөзінше, кешкі сағат 21.00 кезінде оған Алматы тұрғынынан 3 бөтелке сыраға тапсырыс түскен. Жігіт сыраны сатып алып, 40 жастағы ер адамның пәтеріне әкеп береді. Ер адам оған бірге ішуге ұсыныс жасап, оның мүшесінен ұстап алғысы келген. Курьер дереу ол жерден кетіп, болған жағдайды әкесіне айтып береді. Полиция пәтерге барып, ер адамды ұстап алып кеткен. Оның аты – Алмас Кішкенбаев, - деп жазған еді Kozachkov телеграм каналы.

Фото: Instagram/Almas Kishkenbayev

Байланысты жаналықтар

Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

16.04.2025

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

16.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

12.04.2025

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

12.04.2025
MalimBlocks
Баласына алимент төлемеген әйел сотталып кетті

Көлік шығарумен айналысқан "Бипэк Авто-Азия Авто" иесі 9 жылға сотталды

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Жезқазғанда есірткі жарнамалаған ер адам сотталды

Жезқазғанда ақшалай сыйақы үшін есірткіні жарнамалаған ер адам ұсталды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада қыздарға тиіскен такси жүргізушісі жауапқа тартылды

"Есікті бұғаттап, шығармай қойған": Астанада жолаушы қыздарға тиіскен такси жүргізушісі 15 тәулікке қамалды