Фариза Төреәлі ата-анасына ерекше сыйлық жасады
Сыйлық туған күн иесіне ұнаған.
Қазақстандық блогер Фариза Төреәлі жолдасы, спортшы Дархан Нортаев екеуі ата-анасына Парижге жолдама сыйлады, деп хабарлайды Malim.kz.
Блогер қыз өз ата-анасына жасаған сыйлығын әлеуметтік желіде жариялаған.
Фаризаның әкесі Төреәлі туған күнін атап өткен. Жақында ғана Франция астанасынан оралған Фариза мен Дархан енді ата-анасына Парижді көрсетпек. Бойжеткен мұндай сыйлық жасауға не итермелегенін түсіндірді.
Ес білгелі әкемнің еңбекқорлығын, ақ ниетін, әрбір істі тек адалынан жасайтынын, әсіресе «отбасым» деп ішкен асын жерге қойып, біз үшін бәрін істейтінін көріп өстім. Әкемізге қанша алғыс айтсақ та аз шығар. Бала-шағасын өсіріп, өндіріп, енді немерелеріне әлемде жоқ ата рөлінде қамқорлығын аямай төгуде. Әкешім, туған күніңіз құтты болсын!
Қазіргі кезде ата-анамызға керегі тек эмоция, естеліктер ғой деп, өздері қалап жүрген елге саяхат сыйладық. Бастысы, қатты қуанды, - деді Фариза.
Фото: instagram.com/farizatoreali