«Ішпей-жемей жүргіш, бұзық әйелге айналасың». Айгүл Иманбаева ажырасқан әйелдердің мұңын жеткізді

Актрисаның айтуынша, қоғамда жалғызбасты әйелдерге орын жоқ.

Сабина Асқарқызы

  • 24.07.2024

Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында ажырасқан әйелдердің мәселесін көтерді, деп хабарлайды Malim.kz.

Актрисаның айтуынша, қоғамда жалғызбасты әйелдерге орын жоқ.

”Меніңше, біздің қоғамда жалғызбасты әйелдерге орын жоқ сияқты. Себебі, олар өз орнын, өз еншісін тісімен, қолымен жұлып алғандай қып алады. Байқайсыздар ма, қазір қоғамда жалғызбасты аналар, әкесіз бала өсіріп отырғандар көп. Бір сөзбен айтқанда әйел өзін жаралы, керексіз сезінеді. Әрине, ол қатарда мен де бармын. Себебі, ажырасқаннан кейін ішпей-жемей жүргішке, бұзық әйелдің қатарына жатып кетесің. Сені солай есептейді", - дейді актриса.

Жалғызбасты әйелдер өзін сыйлата алуы үшін еркектің күшіндей күш керек екенін атап өткен.

"Той-томалаққа жалғыз барсаң біреудің күйеуін тартып алып қоятындай күйеуі бар әйелдер қызғанады. Біреулері мынау байғұс әлі жалғыз жүр ме дейді. Көп әйелдер осындай мәселелерден қысылады. Сол үшін жалғызбасты әйелге еркектің күшіндей күш, энергия, психология керек болады. Сен еркек бола алмайсың, бірақ өзіңді сыйлатып, балаңды жеткізіп, қоғамда өз орныңды алу үшін мінез, білім керек болады", — дейді актриса.

Еске сала кетейік, жақында шетелде білім алып, елге оралған танымал актриса Айгүл Иманбаева мен оның бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықов фильмге түсіп жатыр.

Фото: : instagram.com/aigul_imanbayeva

Байланысты жаналықтар

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025
MalimBlocks
14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады