Марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы өмірден өтті

Суық хабарды тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мәлім етті

Сабина Асқарқызы

  • 08.10.2024

Қазақстанның белгілі композиторы марқұм Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы Абылай Арманұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Соңғы болған оқиғаларды естіп, жүректен жүрек қалмады. Көңілім құлазып отыр. Қазақта "аталатсаң да боталатпа" дейді ғой. Бүгін тіпті Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды деген хабарды естіп, отбасына қайғыра көңіл айтамын! Бекем болыңыздар. Алла бәріне ғұмыр сыйласын. Анасына өте ауыр. Бекем болыңыз!», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, сазгер 2023 жылы қаңтар айында өмірден өткен еді.

Арман Дүйсенов 1974 жылы 4 мамырда Орал қаласында дүниеге келген. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, продюсер, тележүргізуші, бірнеше әннің авторы.

Байланысты жаналықтар

Ләйлә Сұлтанқызы Арман Дүйсеновті еске алып жылап қалғанын айтты

14.03.2025

Ринат Зайытов Арман Дүйсеновтің ұлы қалай қаза тапқанын айтты

21.02.2025

Индира Елемес сазгер Арман Дүйсеновтің ұлының қазасы туралы пікір білдірді

16.10.2024
MalimBlocks
Ләйлә Сұлтанқызы Арман Дүйсеновті еске алып жылап қалғанын айтты

Ол композиторды дұғасына қосатынын да жеткізді.

Ринат Зайытов Арман Дүйсеновтің ұлы қалай қаза тапқанын айтты

Депутат композитордың баласы белгісіз біреулер өлтіріп кетуі мүмкін деген болжамды айтады

Индира Елемес сазгер Арман Дүйсеновтің ұлының қазасы туралы пікір білдірді

Әнші бірнеше күн бойы күйзелісте болған